Сырлы әуезді сыбызғы

04 тамыз 2017, 17:35

Қазақ халқының күй өнерінде домбыра, қобыздан бөлек, сыбызғы аспабы да үлкен мәнге ие. Көшпенді түркі халықтары қурай өсімдігін үш- төрт жерінен тесіп, әртүрлі әуен ойнаған. Сыбызғы қазақ халқында да ерекше дамыған аспап. Бұл аспапта жеңіл, сазды әуендер ғана емес, күрделі шығармалар да ойналады. Сыбызғы үні – тыңдаушының тұла бойын балқытатындай сырлы әуенге толы.

Сыбызғышы, зерттеуші Талғат Мұқышев: «Біздің деректер бойынша, нақты ХVI ғасырдан бастап сыбызғышылардың аты аталады. Сыбызғы аспабында да қобыз, домбыра секілді үлкен дәстүр, қазақ даласына кең таралған. Сыбызғы күйінде естірту, аңыз күйі болған. Халық күйлерімен қатар композитор күйлері деген де бар. Сыбызғы дәстүрін бүгінгі күнде 4 мектепке бOліп отырмыз. Ол – ең үлкен дәстүр, бүгінге дейін жетіп отырған Шығыс Қазақстан сыбызғышылық дәстүрі. Шығыс Қазақстан сыбызғышылық дәстүрі кезінде қанат жайған. Жағда Бабалықұлы атамыз: «Сыбызғының алтын бесігі – Алтай» деп жазып кеткен. Сол Алтайды жағалап ары қарай Қытайдағы қандас бауырларымызда сыбызғышылар жақсы сақталып қалған. Ол бір мектеп болып аталады. Енді одан ары қарай Алтайды жағалай қонған Моңғолиядағы Баян- өлгей қазақтарында да сыбызғы жақсы сақталған. Осының бәрі үш мемлекеттегі ортақ мәдениет. Одан кейін Батыс Қазақстан мектебі бар бізде. Ол туралы академик Ахмет Жұбанов көп жазған. Сары-малай, Ысқақ Уәлиев сияқты біздің сыбызғышылар болған. Ең соңғы жеткізушіміз – Ысқақ Уәлиев атамыз Ұлы Отан соғысына кетіп, содан қайтпай қалыпты. Соған байланысты Батыс Қазақстан сыбызғышылық мектебінің дәстүрі жоғалды деп айтуымызға тура келеді. өйткені, ол кісінің артында шәкірттері қалмады» – дейді. Сыбызғы күйлері екі дауыстан құралады. Бірінші үн аспаптан шықса, екінші әуен сыбызғышының тамағынан пайда болады. Осылай орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда еркін ойнайды. Сыбызғышы үшін шығарманың ішіне бойлап ойнау – басты талап. Өйткені, сыбызғы күйлері жүрекпен орындалғанда ғана тыңдаушыға жетеді. Сыбызғы тектес аспап барлық түркі халықтарында сақталған. Бірақ оның дамуы әрқалай. Мысалы, бізде домбыра аспабы ең жоғары деңгейде дамыса, сыбызғы тектес аспаптың ең жоғары деңгейде дамығаны башқұрт халқында. Қурай деп атайды, қарай Oнері деп айтады. Олардың күйлері де терең, сосын оларда бірінші аспап болып саналады. Башқұрт халқы ән де, билерін де сыбызғы осы арқылы сүйемелдейді. Күйлерін де сыбызғымен тартады. Сыбызғы күйлері – қазақтың аспапты музыка мәдениетінде домбыра және қобыз Oнерімен қатар тұратын асыл қазына. Репертуары бай болмағанымен, ұлт мұрасының ұлықталуы көңіл қуантады. Мәңгілік елдің мәңгілік сарыны жасай берсін! Асыл мұрамызды ата-баба аманатындай сақтайық!

Жарас КЕМЕЛЖАН

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл