jasqazaq.kz

Сыра сатпаған қыздың бетіне қайнап тұрған май шашып жіберген

01 қараша 2017, 22:06

Сыра сатпаймын деп, ажал құша жаздады! Маңғыстау облысында сатушы қыздың қызметіне көңілі толмаған азамат оның бетіне қазанда қайнап тұрған майды шашып жіберген. Денесінің 30 пайызын күйік шалған Сымбат Қозыбайдың қазір жағдайы ауыр. Ал уайымға салынған Сымбаттың жақындарын алаңдатып отырған бұдан өзге тағы бір жағдай бар. Ол – полицейлердің іс-әрекеті. Айтуларынша, бойжеткеннің бетін адам көргісіз қылған жігіттің үстінен тек бұзақылық бабы бойынша іс қозғалыпты. Оның айыппұлмен құтылып кететініне сенімді жәбірленушінің туыстары енді прокуратурадан көмек сұрап отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Осы оқиғадан кейін беті мен мойны, аяқ-қолы, кеуде тұсы күйіп, ауруханаға түскен 20 жастағы Сымбат Қозыбай өз-өзіне әлі келе алар емес. Айтуынша, өзін осы жағдайға душар еткен азамат таңғы 5-те асханаға келіп, сыра сатуды талап еткен. Бірақ заңды бұзудан бас тартқан сатушының бұл әрекеті жігіттің ашуына әбден тисе керек, ыстық май құйылған қазанды бұған қарай теуіп жіберіпті.

Сымбат Қозыбай, жәбірленуші:

-Спирт сатуға тыйым салынғанын түсіндірдім. Сол кезде тұрды да, майды бір тепті. Олар отбасымен кешірім сұрауға келді.. Келгенде де кешірім сұраған жоқ, өз жағдайларын айтып кетті.

Бірақ Сымбаттың туыстары қазір қыздарының көркін құртқан азаматтан гөрі полицейлерге ашулы. Өйткені олар күдіктіні іле-шала ұстағанымен, аз уақыттан соң босатып қоя беріпті.

Ахмет Ізтұрғанов, Сымбат Қозыбайдың әкесі:

-Мен мына құзырлы орындардың жүргізіп жатқан істеріне қанағаттанбаймын. Қызымның жатысы мынау. Мұны бұзақылық дейді. Бұл 106 баптағы қасақана шабуылға жатады. Сол үшін құзырлы орынға бұл іс-шараға бей-жай қарауына жол бермеймін.

Бұл баппен жауапқа тартылғандардың айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін. Бірақ полицейлер мұнымен келіспей отыр. Оларға сенсек, іс алдағы уақытта басқаша болып өзгеруі де ықтимал.

Нұрбол Бишеханов, Мұнайлы аудандық ІІБ бастығы:

-Ауруханадан шығарылғаннан кейін ауыру тарихымен сот-медициналық сараптамасы тағайындалатын болады. Аталған сараптама қорытындысын алғаннан кейін алған дене жарағатының дәрежесіне байланысты қылмысы бойынша нақты күдіктінің әрекеттеріне баға берілетін болады.

Тәртіп сақшылары кінәсін мойындаған күдікті жауаптан жалтармайды деп сендіріп отыр.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы