jasqazaq.kz

Сыр жұртшылығы референдумда жоғары белсенділік танытты

Бүгін, 21:17

Өздеріңізге белгілі 16 ақпаннан бастап «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының бастамасы аясында өңірлік коалиция өз жұмысын бастады.
Қызылорда облысында коалиция бастамасы аясында 349 азаматты біріктірген 1 аймақтық және 8 аумақтық коалиция құрылды.
Коалиция құрамына қоғамға танымал білім, ғылым, мәдениет, азаматтық сектор, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес өкілдері, мәслихат депутаттары, белсенді жастар және «АМАNАТ», «Ақжол» Қазақстан демократиялық, «Қазақстан Халық», Ауыл, Respublika партия өкілдері енді. Олардың жанында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға 200-ден астам ерікті белсенді түрде қызмет атқарды
Бір айға жуық уақыт ішінде өңір көлемінде коалиция мүшелерімен 881 іс-шара ұйымдастырылып, 189 мыңнан астам сайлаушы қамтылды.
Өңірімізге Жалпыұлттық коалиция өкілдерінің қатысуымен түрлі сала өкілдерімен кездесулер және 20 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтарын біріктірген «Open air» шарасы ұйымдастырылды. Бұл мерекелік шара қоғамдық пікір мен азаматтық жауапкершіліктің символына айналды десек болады.
Бүгін дауыс беру процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 699 байқаушы мен 368 мобильді капитаннан тұратын бақылау тобы жұмыс істеді.
Бүгінгі референдум облыс көлемінде заң талаптарына толық сәйкес, ашық әрі әділ өтті деп сеніммен айта аламын. Сыр өңірінің тұрғындары жоғары азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте көрсетті.
Осы ретте, маңызды саяси науқанға белсенді қатысқан Сыр жұртшылығына, коалиция мүшелеріне және еріктілерге шынайы ризашылығымды білдіремін!

Наурызбай Байқадамов, 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жетекшісі

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге