Сұлтан Бақытұлы: Мақсатымыз — жастарға бағыт-бағдар беру

18 шiлде 2023, 15:09

 

Бүгінде жастарымыз ел дамуына белсене араласып, мемлекеттің жастар саясатын ілгерілетуге бағытталған бағдарламаларына етене араласуда. Әр өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтары» – жастардың жұдырықтай жұмылып, бірлесіп, игілікті істерді жүзеге асыруына ұйтқы болып келеді. Сондай орталықтың бірі Түркістан облысы Кентау қаласында жұмысын жемісті жүргізіп отыр. Jas Qazaq тілшісі Кентау қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сұлтан Бақытұлына көкейдегі сауалдарды қойып, қала жастарының тыныс-тіршілігі жайында сұхбаттасты.

— Сұлтан Бақытұлы, Түркістан облысы жастарының әр істе белсенді екенін байқадық. Кентау қаласында жастардың үлесі қанша? Қала жастарының жастар саясатын дамытуға белсенділігі қандай?

— Кентау қаласы облыс орталығына ең жақын орналасқан шаһар. Бүгінде қаламыздағы халық саны — 99 416 адам. Ал оның ішінде жастардың саны-32 140 (31%) құрайды. Қала жастарының саны — 21 640, ауыл жастарының саны — 10 500. Кентау жастарының белсенділігі өте зор. Біздің жастар сапалы білім алып, спортпен, өнермен шұғылданып, кәсіби маман атанып, мүмкіндіктерді мүлт жібермеуге тырысады. Себебі елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жастарға артылар міндет те ауқымды, жүктелетін жұмыс та жеткілікті. Қала жастары арасында ерікті болып еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жастардың саны күн сайын көбейіп жатыр. «Жастар ресурстық орталығы» ретінде негізгі жұмысымыз жастарға бағытталғаннан кейін, басты мақсатымыз да қаладағы жастардың әлеуетін арттыру. Олардың сапалы білім алып, кәсіби маман атануына жол сілтеу. Қазіргі жастарға не қажет? Қандай мәселелері бар? Түйткілдің себебімен емес, салдарымен күресу. Осы орайда орталық мамандары бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Әр бөлім жауапты сала бойынша шешімдер қабылдап, жоспарлы түрде жастармен етене жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі жастардың білімге құштарлығы, кәсіп ашуға бейімділігі қуантады. Сондықтан жастарға артылатын жүк те, ертеңгі болашаққа деген сенім де мол.

— Қала жастарын еліміздегі жүргізіліп отырған жастар саясатынан хабардар ету мақсатында қандай шаралар ұйымдастырылды?

— Біздің орталық биылғы жылдан бастап қала жастарын еліміздегі жүргізіліп отырған жастар саясатынан хабардар ету мақсатында жалпы саны 212 іс-шара ұйымдастырып, бұл іс-шараларға қаламыздың 21 725 жасы қатысты. Атап айтар болсам: алғаш рет дәстүрлі садақ ату үйірмесі қаламызда ашылып, садақ ату және ләңгі тебуден 200 жастың қатысуымен жарыс өтті. Тұрақты түрде аптаның әр жұма күні, жастарға отбасылық құндылығы бар отандық кинолар («Келінжан», «Донор», «Алтын адам», «Джохан» және т.б.) көрсетілуде. Әр кинода кемі 300 жас қамтылады.

Аналарымыздың құрметіне «Жақсылық — жан азығы» атты «Жасыл қала Кентау» КММ-нің 140 қызметкеріне қайырымдылық ас берілді. «Наурыз мейрімділік мерекесі» тақырыбында 50 зағип жанға наурыз көже таратылды. Жастар арасында «Turan интеллектуалдық ойыны», талантты жастарды қолдау мақсатында қалалық «Сен талантсың» байқауы өтті.

Мектеп, колледждер арасында «Жайдарлы жастар» атты қалалық жайдарман сайысы бастау алып, «Маусымашар-2023», 1/8 финал, 1/4 ширек финалы ойыны өтті, жыл соңына дейін 100-ден аса жайдарманшыны дайындап, 3000-нан аса жасты қамту жоспарланды.

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен алғаш рет жастар арасында «ЖАСТАР ФОРУМЫ» өтті. Жобаға қатысушылар 4 бағыт бойынша өнер көрсетті. Үздік мобилограф, үздік фотограф, үздік модель, үздік блогер. Жобаның мақсаты: Кентау қаласының табиғатын, тыныс-тіршілігін, көрікті жерлерін, келбетін жастар арқылы көрсету және жастардың достық қарым-қатынасын нығайту, жобаның төрт бағыты бойынша үздіктерді анықтау. Үздік өнер көрсеткен жеңімпаздарға жүлделі орындар, бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, «Рухани төрім — Түркістан» жобасы аясында аудан, қалалық Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері арасында өткен «Дәстүрлі садақ ату жарысы» өтті.
Жарысқа Түркістан облысының аудан, қалаларынан 80-ге жуық жас қызметкер атсалысты. Айта кетейік, бұл біздің орталықтың биыл өткізген іс-шараларының негізгілері ғана. Жақында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «TURKISTAN STARTUP WEEKEND» үздік инновациялық жобалар байқауының бастау алғанын мәлімдейміз. Жобаның мақсаты: отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге жол сілтеу. Инновациялық жобаның оқытуына 18 және 35 жас аралығындағы Түркістан облысы жастары қатыса алады. Біз бүгінде осы жобаны жастарға түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Жобаға арнайы маман бекітілді. Қатысқысы келген жастар орталыққа келіп толық мәлімет ала алады. Күні кеше Кентау қаласының жастарымен «Бастау-бизнес» жобасы аясында қайтарымсыз грант алып, өз кәсібімен жұмыс істеп жатқан жас кәсіпкермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында жастарға мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы, жүйелі жұмыс істеуге болатындығы түсіндірілді. Жақында орталық жастарға табиғат аясында пікір алмасу кездесуін өткізді. Кездесудің мақсаты: жастардың көңіл-күйін көтеру, бос уақытын тиімді пайдалану, қарым-қатынасты нығайту, өзін еркін сезінуге көмектесу, ойларын ашық айтуға дағдыландыру және мотивация беру. Пікір алмасу барысында жастар түрлі көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, психолог маманынан кеңес алды. Сонымен қатар ой-өрістерін дамыту мақсатында түрлі ойындар мен тренингтер ойнатылып, өз-өздерімен жұмыс жасады.

Орталық осындай кездесулер арқылы жастармен етене араласып отырады.

— Жастардың жұмыспен қамтылуы, уақытын тиімді өткізуі қалай жүргізілуде?

— Өткен жылы қаламыздағы жұмыссыздар саны 779 жасты құраған. Биыл Кентау қаласында ресми түрде тіркелген жұмыссыз жастар саны 54 жасты құрап отыр. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны — 189, тұрақты жұмысқа жолданған жастар саны — 330, жастар практикасына жолданған жастар саны 208 жасты құрап отыр.

«Жастарға бағыт» жобасы аясында мобильді топ құрылып, «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», «Жасыл ел», «Ұлттық жоба», «Болашақ бағдарламасы», «Бос жұмыс орындары» бойынша Кентау қаласы тұрғындарына және қалаға қарасты ауылдың тұрғындарына 74 рет мобильді топ болып мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсінідірме жұмыстары жүргізіліп, 10 460 жасқа кеңес берілді.

«Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Кентау қаласының жастарына және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне, яғни 345 жасқа кеңес беріліп, 51 жас жұмыспен қамтылды. Жасыл ел бағдарламасы бойынша 300 жас тіркеліп, қалалық бюджеттен 51 жасқа қаражат бөлініп, маусым айынан бастап өз жұмыстарын бастады. Маусым айында 27 жас өз жұмыстарын аяқтап, шілде айының 1 күнінен бастап 24 жас жұмыстарын бастады.
Оларға қалалық бюджеттен 60 000 теңге көлемінде, республика тарапынан 38 700 теңге көлемінде айлық төленеді. Жастар қаламызды көгалдандыру, абаттандыру, көркейту мақсатында қаламыздағы аллеяларға, саябақтарға тазалық жұмыстарын жүргізеді.

— Жастардың білім алуы мен кәсіппен айналысуына қандай жағдай жасалуда? Кентау жастары мемлекет тарапынан жасалған бағдарламалармен таныс па?

— Жастар орталағында бір терезе қағидаты аясында 178 жасқа мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер берілді. «2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жобасы шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5 пайызбен 5 000 000 теңгеге дейінгі несие бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілуде. 18 жасқа 1 380 000 теңге қайтарымсыз грант берілді.

«Мейірім» ұйымы және Кентау, Түркістан, Шәуілдір ауыл-қалаларынан жиналған еріктілермен, кәсіпкерлермен бірлесіп, Машат ауылындағы балалар жазғы лагеріне жиналған жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға барып, көңілдерін көтеріп, концерттік бағдарлама қойып, ойындар ойнатып, сыйлықтар үлестірілді.

Қаламыздың белсенді кәсіпкерлерінің бастамасымен тазалық жұмыстарын жүргізді. «Таза қала» акциясы Кентау қаласының су қоймасы айналасы мен тау бөктеріндегі полигонда өтті.

Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға арналған түрлі бағдарламалар бар. Біз, орталық мамандары, қаламыздағы кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, осы бағдарламаларды жастарға түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Бүгінде 35 жасқа дейінгі жастар мемлекет тарапынан пайызы аз несие алып, кәсібі мен шағын және орта бизнесін ашуына болады. Жоғарыда айтып өткенімдей, қайтарымсыз гранттар да беріліп жатыр. Алдағы уақытта кәсібін ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлер мен жастарды кездестіріп, тәжірибе алмасу, кеңес алу сынды кездесулерді жиі ұйымдастыруға бекініп отырмыз. Қазіргі жастарды мобильді деп атар едім. Оларға барлық мүмкіндік қарастырылған. Сондықтан жастарға бағыт-бағдар беріп, жол сілтеу — біздің орталықтың басты мақсаты. Өзін-өзі дамытамын деген жас ештеңеден тайсалмай, қайсарлық танытып, білім алудан, үйренуден, ақыл-кеңес тыңдаудан қашпауы керек деп есептеймін.

— Қаладағы белсенді жастар кімдер? Олар немен айналысады?

— Жалпы Кентау қаласында белсенді жастар өте көп. Қаланың белсенді жастары: Гүлжан Серікқызы-блогер, қала белсендісі, Ахмет Утепбаев-кәсіпкер, қала белсендісі Асхат Шотаев-шахматшы қоғам белсендісі, Аяулым Байжанова-жас блогер, Тұрар Омаров-Ы.Алтынсарин атындағы № 1 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, блогер және т.б. Кентау қаласындағы жастар саясатын жандандыруға үлес қосып жүрген қаланың белсенді азаматтары. Жоғарыда аталған белсенді жастардың барлығы өз қаласының дамуына ерекше үлес қосып жатқандар. Жақында ғана қаламызда өткен Жастар форумын ұйымдастыруға белсенді жастар мұрындық болды. Олар өз идеялары мен ойларын үнемі жеткізіп, «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесіп, түрлі іс-шаралдарды өткізуге араласып жүр. Қаламыздағы белсенді жастар қоғамдық, мәдени іс-шараларға да ерекше үлес қосады.

— Кентауда ерікті жастар жасағы бар ма? Олар қандай іс-шара өткізді?

— Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығының» жанында 8 еріктілер ұйымы бой көтерген. Ерікті жастарымыздың қаланың жандануына қосып жатқан үлесі орасан зор. Атап айтар болсам: Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында тасқын судың алдын алу жұмыстарына еріктілер тұрғындарға қол ұшын созып, азаматтық танытты. Түркия Республикасында болған жер сілкінісі кезінде де зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылып, еріктілер тобы гуманитарлық көмектерін жеткізді.

Сондай-ақ орталық ұйымдастыратын қайырымдылық акцияларына, ардагерлердің ауласын тазарату, қала тазалығына үлес қосу сынды экологиялық мәдениетті қалыптастыратын шараларға еріктілер белсене қатысып келеді. Біздің қаланың еріктілері «Волонтерлік жылы» мен «Жастар жылында» күш біріктіріп, еріктіліктің әр бағыты бойынша волонтерлік ұйымдар құрып, қаламыздың дамуына ерекше үлес қосты. Тіпті қаладағы колледж жастары мен жоғары сынып оқушылары да ерікті болуға өтініш білдіріп, қаладағы тазалық акциялары мен түрлі іс-шараларға қатысты. Бүгінде бірнеше волонтерлік ұйым өз жұмысын жандандырып отыр. Сонымен қатар мектеп бітірген түлектер де қайырымдылық жасап, ерекше істерімен көзге түсті. Кентау қаласындағы « Шаңырақ шаттығы» қоғамдық бірлестігінің жұмысын да ерекше атап өткім келеді. Бұл бірлестіктің құрамында ерікті жастар қатары бар. Олар қаламыздағы түрлі іс-шараларға белсене араласады. Сонымен қатар қаламыздың тазалығы мен экологиясы да бұл бірлестіктің басты назарында. Кентау қаласында еріктілік жоғары дамыған деп нық сеніммен айта аламын. Өйткені жыл сайын ерікті болғысы келетін жастардың қатары көбейіп, әрбір жас өзінше көмек қолын созуда. Алдағы уақытта ерікті жастарымыз ел игілігі үшін жұмыс істейтініне сенемін.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мақпал Ноғайбаева
Суреттерді Кентау «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұсынды

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды