Бүгінде есімі күллі әлем жұртына танылып келе жатқан қазақ жұлдызы Димашқа қатысты әр жаңалық елді елең еткізетінін белгілі. Өнердегі түрлі марапаттарға ие болып, бір жылдың ішінде әлемге танымал жұлдызға айналған әнші бүгінде әлем көптеген фанат қыздардың арманына айналған. Ал Димаштай жігіттің ата-анасы болашақ келіні жөнінде не дейді?
Hit TV арнасына берген сұқбатында әнші болашақ келінінің қандай болғанын қалайтыны туралы айтты. Света Айтбаеваның айтуынша, ол Димаштың жары иманды, текті болса болғаны.
«Қазақта керемет сөз бар: «Адал сүт емген» деген. Сондай текті бала болса деп ойлаймын. Біздің көңілімізге ұнайтын, көргенді, тәрбиелі адам болса деп армандаймыз, әрине», — деді Света Айтбаева.
Келінінің тәрбиелі болуына армандайтын Қанат Айтбаев болса, Димаштың сезімі бірінші орында болатынын аңғартты. «Оны енді Димаштың көңілі, сезімі біледі», — деді әкесі.ъ