Ресейдің Красноярск қаласының тұрғыны Енисейге секірген. Жақын жерде жүрген жас жігіт қызды көрсе сала, құтқармақшы болады. Бұл туралы tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап хабарлады 24.kz хабарлады.
Қыз өзін құтқаруға ұмтылған жігітті тістеп алған. Артынан оларды кәсіби құтқарушылар келіп, жағаға шығарды.
Қыз ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.
Оқиғаны көрген куәгерлер қыздың суға әдейі секіргенін, және өзін құтқармақ болған жігітке қарсылық білдіргенін айтты.
Қыздың мұндай қадамға барғаны да анықталған жоқ.