Алаяқ жігіт ақылы білім алатын студенттерді грантқа ауыстырып беремін деп елді алдап, ақысына ақша алып отырған, деп хабарлайды Caravan.kz.
Оның құрығына көптеген адам түскен. Қазірдің өзінде 40 шақты дерек анықталыпты. Бірқатар ата-ана заңгер Айгүл Орынбекке шағымданыпты. Ол бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасында былай деп жазды:
«Грантқа түсіріп берем атам М.Əуезов университетінде проректор»-деген алаяқ ұсталды! 40 студентті грантқа оқуға ауыстырып берем деп əр қайсынан нотариалдық келісім шарт арқылы 350-450 мың теңдей ақша алған. Бұл іс бойынша маған бір топ ата -ана шағым айтып хабарласты.
Мен Оқо Іід тергеу бөлімінің басшысы Полковник Жалғасов Нұрмахан мырзаға хабарлаған болатынмын.
Қазіргі таңда, аталған жайттар бойынша «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.
Полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған немесе куә болған азаматтарды Шымкент қаласы Әл-Фараби ПБ-не немесе «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды