Спорттағы жетістік неге құлдырады?

20 шiлде 2023, 11:07

2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін қысқарып, нәтиже төмендеп кетті. Әсіресе соңғы Токио жазғы Олимпиадасынан еліміздің спортшылары алғаш рет күміс пен алтын медальға қол жеткізе алмады. Тәуелсіз ел тарихында жазғы Олимпиада (қысқы Олимпиада ойындарында да көрсеткішіміз тым төмен) ойындарынан 2020 жылға дейін алтын һәм күміс медальсіз қайтқан емес. Тоқыраудың себебін мәдениет және спорт министрлігінің өзі жария етті.

«Есеп комитеті аудитінің қорытындысы бойынша 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалар жеңіп алған лицензия саны 111-ден 98-ге дейін, оған қатысатын спортшылар 130-дан 97-ге дейін төмендеген. Ал жалпы жеңіп алынған орындар санынан алтын және күміс медальдар 0% дейін кеміді. Атап айтқанда алтын 43%-дан, ал күміс медаль жалпы жүлде санының 57%-нан 0%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте 2018-2020 жылдары спорттың барлық түрін дамытуға 646 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың 72% спорттың ел үшін басымдығы мен маңызын есепке алмай бағытталды», — деп жазылған мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды