Спортшының пәтері қашан меншігіне өтеді?

17 шiлде 2023, 16:15

Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Олимпиада жүлдегерлеріне берілетін пәтерді спортшының атына рәсімдеу тәртібі қандай екенін айтты.

«Дене шынықтыру және спорт» туралы» заңның 47-бабының 1,4-тармақтары бойынша Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегері атанған спортшыларға коммуналдық тұрғын үй қорынан қайтарымсыз негізде баспана беріледі.
«10 жыл өткеннен кейін Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңіспазы мен жүлдегері атанған спортшылар өздері коммуналдық тұрғын үй қорынан алып отырған баспананы қайтарымсыз негізде меншігіне алады. Бұл Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне баспана беру тәртібіне сай», — деді Ербол Мырзабосынов.

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мынандай материалдық көмек көрсетіледі:
1) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының алтын медалін алған чемипонға – 3 бөлмелі пәтер;
2) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының күміс медалін алған жүлдегерге – 2 бөлмелі пәтер;
3) Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының қола медалін алған жүлдегерге – 1 бөлмелі пәтер.
Сондай-ақ, ол Олимпиада ойындарында 6-орын алған спортшыларға да ақшалай сыйақы берілетінін айтты.
«ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы бойынша қысқы және жазғы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 1 орын алғаны үшін – 250 000 доллар, 2 орын үшін – 150 000 доллар, 3 орын үшін – 75 000 доллар, 4 орын үшін – 30 000 доллар, 5 орын үшін – 10 000 доллар, 6 орын үшін – 5 000 доллар көлемінде теңгелей сыйақы беріледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды