Орал қаласында «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының іріктеу кезеңдері мәресіне жетті. Турнирге өңірдің 13 ауданына жиналған 429 оқушы қатысты. Олар футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасты.
Қыздар арасындағы баскетбол бойынша нәтиже кестесі: 1 орын – Орал қаласы, №1 мектебі, 2 орын – Орал қаласы, №26 мектеп, 3 орын – Тасқала ауданы.
Жігіттер арасындағы футзал бойынша Орал қаласының құрамасы алтынға қол жеткізіп, 2 орынға Білім-инновация ицейінің оқушылары жайғасты. Үшінші орын Жаңақала ауданының еншісінде.
Үстел теннисі: 1 орын – Жасұлан Рахман, Нұрмұхамбетова Әсем (Орал қ)
2 орын – Ищанова Амина (Зеленов ауданы), Өтеген Нұрберген (Ақжайық ауданы)
3 орын – Бейбіт Айдар (Сырым ауданы), Камидуллина Айзада (Теректі ауданы)
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша:
1 орын – Орал қаласы, №42 мектеп
2 орын – Теректі ауданы
3 орын – Жаңақала ауданы
Шахмат ойыны бойынша:
1 орын – Қаиршинов Баймырза (Орал қаласы, №42 мектеп), Чекурова Милана (Орал қаласы, №17 мектеп)
2 орын – Ахинбасов Сұлтан (Казталов ауданы), Тұрсынғалиева Аяужан (Орал қаласы, №11 мектеп)
3 орын – Назарбеков Ернар (Ақжайық ауданы), Ильина Елена (Орал қаласы, №24 мектеп)
Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:
1 орын – Аженгали Ахад (Орал қаласы), Қонарова Айжарқын (Қаратөбе)
2 орын – Сағынғалиев Амангелді (Жаңақала ауданы), Қоңырова Ақбота (Сырым ауданы)
3 орын – Мағзамов Мағжан (Сырым ауданы), Абдулина Дильназ (Жаңақала ауданы)
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге жолдама алды.