Астаналық оқушылар SportFEST Kazakhstan республикалық спартакиадасының іріктеу ойындарына қатысты.
Есіл, Сарыарқа және Алматы аудандарының жас спортшылары республикалық додада өз мектептерінің намысын қорғады. Қатысушылар футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, баскетбол мен тоғызқұмалақ ойындары бойынша бақ сынасады. Елорданың 13 білім ордасынан келген 100-ге жуық оқушы өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете алды.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардың дамыту қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қоры» іске асырады. Бұл тарапта ұйымдастырушылар іс-шаралардың ретімен таныстырып өтті.
“SportFEST Kazakhstan” – бұл ең ауқымды республикалық балалар спартакиадасы. Ерекшелігі қатысушылар спорттық жетістіктерге ие емес және ешқандай спорттық атақтары жоқ. Алдағы уақытта 6000 мыңға жуық қатысуыш қамтылмақ. Ал 2018 жылдың мамырына дейін бұдай шаралар еліміздің 216 аймағында іске асырылады» — дейді «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қоры» Бас директоры Айбек Қазығұлов.
Айта кетері, ешбір қатысушы сыйлықсыз қайтқан жоқ. Спортшылардың барлығына да сертификаттар ұсынылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар олар спартакиаданың келесі кезеңіне жолдама алды.
Салықбай Нұржан, Шапаренко Юлия (шахмат), Әуелбай Ерсұлтан Амангелді Әдемә (тоғызқұмалақ), Мұхаммед Дамир, Зубкова Елена (үстел теннисі) республикалық спорт додасының алғашқы жеңімпаздары атанды. 37 және 69 мектеп құрамалары баскетбол, әскери-қолданбалы спорт және футал бойынша жеңіс тқғырынан көрінді.
Астана қаласындағы іріктеу турларының нәтижелер кестесімен sportfest.kz сайтында таныса аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, спартакиаданың ақтық мәресі Щучинск қаласындағы «Балдәурен» кешенінде өтеді. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары мен спортшылар баллаарға ұмытылмас әсер қалдырары анық.