jasqazaq.kz

Спорт – оқушының сүйікті серігі

07 қараша 2017, 12:49

Көкшетау қаласында «SportFEST Kazakhstan» республикалық жобасының іріктеу кезеңдері өтті. Ақмола облысының бес жүзден астам 8-10 сынып оқушысы ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ, әскери-қолданбалы спорт түрлері, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол, ер балалар арасындағы футзал мен шахмат ойындарынан бақ сынасты.

Шараның ашылу салтанатына қатысқан ауыр атлет Мария Грабовецкая мен армрестлинг бойынша Азия чемпионы Илья Ильин қатысушыларға сәттілік тілеп, бұндай спорт ойындарының жиі өткізілуі қажеттігін атап өтті.

«Әрқайсыларыңа сәттілік тілеймін! Спортқа деген ынталарыңыз, көздеріңнің жанатыны ұнайды. Шын жүрегіммен қуанамын. Жетістікке жетуге деген ұмытылыстарыңызға тәнтімін. Осындай іс-шаралар жиірек ұйымдастырылса деймін», — деді ҚР еңбек сіңірген спортшысы Мария Грабовецкая.

Спорттық ойындарға барлығы 18 аудан қатысқан. Ақмола облысының чемпиондары атағына Айдана,Рахимова Серік Қуатбеков (үстел теннисі), Адель Жұмаш, Темірлан Сәбитов (шахмат), Сәкен Наурызбаев, Дариға Башан (тоғызқұмалак) ие болды. Сонымен қатар ұлдар арасында футзалдан өткен сайыста №18 мектепттің командасы жеңіске жетсе, көкшетаулық қыздар баскетболдан  чемпион атанды. Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен де көкшетаулықтар дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінді.

SportFEST Kazakhstan жобасын Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырады.

Көкшетау қаласында өткен спартакиада жобаның екінші іріктеу кезеңі. Бұның алдында спорттық ойындар елордалық оқушылар арасында өткізілген. Ендігі кезекте SportFEST Kazakhstan тобы Қарағанды қаласына жол тартпақ. Облыстық іріктеуден өткен оқушылар «Балдәурен» ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық кезеңге жолдама алады.

                                                      Бекзат Қали, Көкшетау

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы