jasqazaq.kz

Спорт мектебінде тегін оқу

13 қараша 2017, 16:15

Астана қаласында ашылған жаңа «Нұрал» спорт мектебінде балалар тегін үйірме мен қосымша сабаққа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Үйірмелердің қатарында киокушинкай каратэ, дзюдо, джиу-джитсу тхэквондо, бокс, шахмат және тоғызқұмалақ  бар. Жалпы аумағы 1000 ш.м асатын спорт мектебі Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының әлеуметтік серіктесі — «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ашылды.

«Бұл өте қуанышты оқиға. Осындай үлкен аумақты алып жатқан спорт мектебін ашу Ильинка тұрғындары үшін өте маңызды. Бұл оңай жұмыс емес, сондықтан  осы мектептің ашылуына ат салысқан барлақ серіктестерге алғыс білдіреміз. Бұның барлығы өсіп келе жатқан ұрпақ үшін, олардың болашағының жарқын болуы үшін жасалып жатыр», — деді Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры Лима Диастың айтуынша, бұл спорт мектебін ашудың басты шарты барлық қызығушылық танытқан балалардың тегін сабақтарға қатыса алу мүмкіндігінің болуында еді. «Мұнымен қоса қор бұған дейін де федерация тәрбиеленушілерінің Франция және Японияда болатын чемпионаттарға баруына қолдау көрсетті» — деді қордың ресми өкілі Лима Диас.

Бүгін, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы