jasqazaq.kz

Сот залынан қашып кеткені үшін сотталды

20 қараша 2017, 11:52

Қарағанды тұрғыны сот залынан қашып кеткені үшін 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 жастағы қашқын Дмитрий Бырсаны сот ҚР ҚК 426-бабы «Күзеттен қашу» бабы бойынша кінәлі деп таныды. «Бырса Дмитрий Сергеевичті ҚР ҚК 426-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеу арқылы 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді үкімді жариялаған Қарағанды №1 Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Мырзабекова. Сотталушы сот залынан 25 тамыз күні 20 сағат 45 минутта қашқан. Сол сәтте оны алып келе жатқан Қарағанды облыстық ІІД конвойлық қызмет ротасының айдауылы сот аумағындағы автозактың есігін ашпақ болып алға түседі. Тап сол кезде қолы кісендеулі Бырса басқа екі айдауылдан сытылып шығып, тұрғын үйдің аумағына қарай қаша жөнеліп, соңынан қуғандардан ізін жасырып үлгереді. Қашқынды ертесіне, 26 тамызда тұтқындалғанға дейін жұбайы және екі баласымен тұрған Михайловка ауданындағы үйіне жақын жерден табады. Ол полиция жасағынан өзі берілді. Дмитрий Бырса өзінің бұл әрекетін сот үкіміне дейін тонаған адамдардың залалын өтеу үшін ақша табуға талпынғандығымен түсіндірді.

 

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті