jasqazaq.kz

Сот басқа этностың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлағаны үшін Темірлан Еңсебекті кінәлі деп тапты

11 сәуiр 2025, 20:31

Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған азамат Т.Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 174-бабы 1-бөлігі), деп хабарлайды jasqazaq.kz  Алматы соттары Телеграм-каналына сілтеме жасап.
Сот анықтағандай:
Темірлан Еңсебек  Instagram парақшасының 34 мыңнан астам оқырманы бар парақшасының әкімшісі бола отырып,  басқа ұлт өкілдерінің ұлттық абыройы мен қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлауға бағытталған, дөрекі, балағат сөздермен жазылған мәтіні бар музыкалық композициямен бірге пост жариялаған.
Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының негізгі қағидаттарының бірі болып табылатын ұлтаралық келісім мен халық бірлігін бұзуға бағытталған.
Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысымен, жауап алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Іс қарау барысында азамат Т.Еңсебек өз кінәсін мойындаған жоқ.
Сот отырысының қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдарын зерттеп, тараптардың сот жарыссөздерінде айтқан ұстанымдарын ескере отырып, сот сотталушыны аталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Қылмыстық Кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша жаза 2 мыңнан 7 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сот шешім шығарған кезде, сотталушының бұрын сотталмағаны ескерілді, алайда ол өз құқыққа қайшы әрекеті үшін өкініш білдірмеген.
Осылайша, сот сотталушыны белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазамен бас бостандығынан айырумен байланысты емес 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк