jasqazaq.kz

Сот алматылық атақты базарды мемлекетке қайтарды

04 қазан 2022, 11:26

Алматының Экономикалық соты бұған дейін жекешелендірілген Barys IV («оптовка» деген атпен танымал) базарын мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен қалалық прокуратура шағымын қанағаттандырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Іс материалдарынан 2013 жылдың желтоқсанында «Найза-БН» компаниясы Barys IV базарын мемлекеттен сатып алып, Алматы қаласы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен келісім шарт жасалғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура бұл нысанның бес есе арзан бағаға сатылғанын хабарлаған болатын. Нарықтағы құны 1,5 миллиард теңге болса, 307 миллион теңгеге сатылған. Осыған байланысты Алматы прокуратурасы келісім-шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

«Мемлекеттік орган заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы мемлекет үлесін жекешелендіру кезінде заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі прокурордың талап қоюына негіз болып отыр. Сот талқылауы барысында талап арызда келтірілген дәлелдер расталды.

Мәмілені жарамсыз деп тану үшін сатып алушыға нысан құнын төмен бағалауда көрсетілген заңсыз жеңілдіктер мен артықшылықтар беру негіз болды. Сотта мемлекеттік мүлікті арзандатылған бағамен сату дерегі расталды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілдері.

Сот талап арызды қанағаттандырып, сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.

«Алматы прокуратурасының талап арызы қанағаттандырылып, сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылсын. Сот шешіміне соңғы шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде апелляциялық және прокурорлық өтінішхат беруге болады», — деді судья Жанар Есембаева.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті