jasqazaq.kz

Солтүстікте 7 ауыл мектебі жабылып қалды

06 қазан 2022, 11:12

Солтүстік Қазақстан облысында бала санының аздығынан биыл 7 мектеп жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде жаңа оқу жылының алдында 7 мектеп жабылды. Мұнда 1-3 оқушыдан ғана қалған. Олар: Айыртау ауданында Верхнебурлук елді мекенінің бастауыш мектебі, Есіл ауданында Алабие ауылының бастауыш мектебі, Мағжан Жұмабаев ауданындағы Золотая Нива негізгі мектебі, Қызылжар ауданының Новоникольское бастауыш мектебі, Желяков елді мекеніндегі бастауыш мектеп, Ғабит Мүсірепов ауданындағы Литвиновка бастауыш мектебі және Тайынша ауданындағы Краснодольский бастауыш мектебі.

Қазір СҚО-да 465 мектеп болса, соның 75 % — шағын комплектілі. Осы 351 білім ордасының шамамен 160-тан астамында бала саны талапқа сай келмейді.

«ҚР Білім және ғылым министрінің «Халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бастауыш мектеп жасындағы балалардың саны 5 және одан көп болғанда, мемлекеттік бастауыш білім беретін ұйымның жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. Ал негізгі орта мектеп жұмыс істеуі үшін бала саны 41-ден асуы тиіс. Жалпы орта білім беретін мектеп үшін бала саны 81-ден кем болмауы тиіс. Жабылған мектептердің оқушыларына одан әрі оқу үшін жақын маңдағы мектептерге жеткізу ұйымдастырылды», — дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Жалпы биыл 306 елді мекеннен 2 785 бала жақын маңдағы ауыл мектептеріне тасымалданып жатыр. Соның шамамен 1,7 мыңын күнделікті апарып-әкеліп тұру қажет. Осы мақсатқа 160-қа жуық арнайы автокөлік алынған, биыл қатары тағы 29 автобуспен толықпақ.

СҚО-да мектептер саны жылдан-жылға азайып келеді. Мамандардың айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын өңірде 596 жалпы білім беретін мектеп болса, осы аралықта шамамен 25 % кеміген.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті