Эмоционалды бойжеткенді бірнеше турист әрең дегенде ұстап қалды. Қытайдың Юньнань провинциясының оңтүстік-батысындағы Эрхай көлінде ерекше оқиға орын алды. Сүйікті смартфонын байқаусызда суға түсіріп алған бойжеткен кеме бортынан секірмек болып, айғайлап, туристердің мазасын алды. Бұл туралы reactor.inform.kz хабарлады
Кеме командасы мүшелерінің бірі болған жайтты видеоға түсіріп, Желіде жариялаған.
Бойжеткен өзінің бұл қылығын телефонда маңызды электрондық құжаттар сақтаулы екендігімен түсіндірді. Турфирманың өкілдері оның көңілін жықпай, сүңгуірлердің көмегіне жүгініп, телефонды судан алып шығуды өтінді. Алайда, гаджет сол күйі табылған жоқ.