jasqazaq.kz

Смағұл Елубай: Немере мен жиенге қатысты мәселе көтеріп, дау туғызу — ақымақтық

22 қантар 2024, 12:48

Әлеуметтік желіде журналист Дәурен Сейітжанұлының «немере» мен «жиен» ұғымына қатысты пікірі көпшіліктің ашуына тиді.

Журналист видеода: «Жақында Жанар Айжановадан сұхбат алған болатынмын. Сонда Жанар апам қызы Айжұлдыздың баласын немерем деп, өзім бағып-қағып жатырмын деп айтып қалды. «Немере жаннан тәтті» деп. Соны тыңдаған көптеген адамдар «Қыздан туған бала немере болмайды. Жиен деп айтады» деп сөгіп жатыр. Негізі Жанар апаныкі дұрыс. Қазақ өз перзентінен, мейлі ұл, мейлі қыз болсын, туған нәрестені немере деп атаған. Бертінде ғана осы атау бұрмаланды. Білмей жүргендерге айтарым, «немере жиен» деген сөз жоқ. Бұлай деу – өте-мөте қате. Сенбесеңіздер, көне мұраларымызды қарап шығыңыздар, үлкен кісілерден сұраңыздар. Демек қыздан туған бала сол қыздың әке-шешесі үшін немере болады, ал қалған туыстары үшін жиен болып есептеледі. Мысалы, менің қызымның баласы маған немере, ал өзге туыстарыма, әулетіме ол жиен. «Немере жиен» деп қосақтап айту моральдық-этикалық жағынан да дұрыс емес. Бұл ұл мен қызыңды, олардың балаларын алалау болып есептеледі», — деген болатын.
Журналистің пікірімен келіспеген оқырмандар «Қай қазақ атаң айтты, қыздан туған жиен болады, шатастырып жүрген кейінгі толқын өкілдері, жиеннің өз жұрты, өз руы бар, көкіректен теппейсің қыздың баласын, қайта жиен деп құрметтеп, сұрағанын беріп, сый-құрмет көрсетесің. Қалай өзге рудың баласын немере дейсің? Кісі баласы кісендесең де тұрмайды, өз балаң өзегінен тепсеңде кетпейді деген бар. Қанша кішкентайынан бақ-қақ асыра, түбі өз руының адамы болып кетеді.Тіпті арғы дүниеге аттағанда да тек өз руы ғана жазылады емес пе?»- деген пікір қалдырды.

Jasqazaq.kz осы тақырыпқа орай, жазушы Смағұл Елубайдың пікірін білді.

«Ұлдан туылған бала — немере. Қыздан туылған бала — жиен. Бұл ежелден келе жатқан атауы. Әр нәрсенің атауы болғаны дұрыс. Өйткені жиен деп, өзге ру екенін, өзге елдің баласы екенін көрсетіп тұр. Бірақ біз қыз бен ұлдың баласын бөліп-жарып жатпаймыз. Әрине, ұл — үйдің тірегі, қыз — өрісің. Дегенмен немерені бір-бірінен бөлмеу керек. Осы мәселені көтеріп, дау туғызу — ақымақтық», — дейді жазушы.

Мақпал Махаметқызы

Фото: Abai.kz

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды