jasqazaq.kz

СҚО-дағы ауылда химикаттан уланып отыздан астам қой қырылып қалды

22 қыркүйек 2022, 14:21


Солтүстік Қазақстан облысындағы Кривощеков елді мекенінде 34 қой қырылып қалды. Түлік улы химикаттардан уланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде әр жерде теңкиіп-теңкиіп жатқан қойдың өлекселері түсірілген видео тарады.

Арам өлген малды ер адамдар ауыл шетінен жинап, көзін жою үшін техникаға артты. Оқиға Шал ақын ауданы Кривощеков, халық арасында Заря деп аталып кеткен елді мекенде болған. Жергілікті шаруашылықтың аумағына кіріп кеткен қой төгіліп жатқан улы химикаттарды ішіп қойған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған ұқсас жағдай бұрын да болған. Ол жолы жерді өңдеуге арналған химиялық зат МТМ аумағында төгіліп, бар өсімдік күйіп кетіпті. Улы химикаттар сақталатын үлкен ыдыстар Новопокровка ауылында да бар. Сондықтан тұрғындар мұндай оқиға әлі де қайталануы мүмкін деп қорқады. Улы зат құйылған ыдыс көлден 100 метрдей жерде ғана орналасқан екен.

Осы оқиғаға байланысты Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбинов түсінік берді.

«Кривощеков ауылында ірі ЖШС бар. Олар қой өсірумен де айналысады. Қырылып қалған осы шаруашылықтың малы. Жұмысшылар байқамай, қой аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан 34 бас өлді. Ауыл тұрғындары шығын шеккен жоқ», — деді Арман Дүйсенбинов.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады