jasqazaq.kz

СҚО-да жас жігіт өгей әкесін пышақтап өлтірген

20 қазан 2022, 16:35

Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны жанжал барысында өгей әкесін өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық прокуратура мәліметінше, кісі өлтіру оқиғасы 18 қазанда Есіл ауданында болған.

«Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша жас жігіт қарсыласына көптеген пышақ жарақатын салған. 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында көз жұмған», — деді облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыстық прокуратураның бақылауына алынды.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті