jasqazaq.kz

СҚО-да газ тасымалдаушы көлік жарылып, 8 адам күйік алды

26 маусым 2025, 12:31

25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Ильичевка ауылындағы «Тайынша май» ЖШС аумағында сұйытылған газды тасымалдаған автокөлік өртенген, деп хабарлайды СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша жанармай құю кезінде газгольдердің шлангісі үзіліп, газ тасығыш машина, кейінен жерасты резервуар тіреуіш арматурасы жанды.

Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ Ақмола облысынан құтқарушылар жедел келді. Күш-жігерді үйлестіру үшін өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары іске қосылды.

— Оқиға салдарынан 8 адам түрлі дәрежедегі күйік алып, Көкшетау қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін бір адам үйіне жіберілді.  Құтқарушылардың жедел, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының арқасында 50 ш. м. алаңда өрт сағат 20.57-де толығымен сөндірілді, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам және 20 техника, оның ішінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының ТЖД, сондай-ақ Тайынша аудандық шаруашылық жүргізу объектілерінің өрт сөндіру бекеттері мен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмылдырылды.

Өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға фактісі бойынша СҚО ТЖД сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: СҚО ТЖД

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам