jasqazaq.kz

СҚО әкімі түнде хоккей ойнап жүр

18 қазан 2017, 10:23

Петропавлда алғаш рет Түнгі хоккей лигасы ойындары өткізіліп жатыр,  – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

СҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТХЛ-ға мемлекеттік қызметкерлерден, бизнесмендерден және кәсіпорындардың қызметкерлерінен құралған әуесқой командалар қатысады. «Көрермендер нағыз қызықты ойындарды тамашалайтынына сенімдімін. Хоккейшілерге жақсы ойын, айтулы жеңістер тілеймін», — деді Құмар Ақсақалов.

«Қызылжар» — «Сокол» кездесуінде айдын иелері сапында өңір басшысының өзі де өнер көрсетті. Жылдам әрі сапалы ойын өрнегін көрсеткен «Қызылжар» хоккейшілері 7-1 есебімен жеңіске жетті, ал Құмар Ақсақалов дубль авторы атанды. «Хоккей ойнауды мектепте оқып жүрген кезден бастағанмын. Ол маған үнемі формада болып, күресуге қайрат береді. Біз түнгі хоккей лигасына көп уақыт дайындалдық. Тынымсыз жаттығу жасадық. Қарсыластарымыздың бәрі де өзіміз сияқты әуесқойлар», — деді СҚО әкімі. Түнгі хоккей лигасында 8 команда желтоқсанның орталарына дейін күш сынасады.

 

Бүгін, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті