jasqazaq.kz

Әскерден қашқан бозбалаға іздеу жарияланды

24 қазан 2016, 23:59

asker

Елімізде әскерге барғысы келмейтіндер көбейген. Сондықтан қорғаныс министрлігі 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерді көшеден аңдып, отан алдындағы борышын өтеуге күштеп әкетіп жатыр. Тіпті ірі айыппұлмен қатар, түрмемен де қорқытуда. Алайда болашақ сарбаздар қару ұстауға денсаулықтарының дімкәс екенін айтып шағым айтады екен. Басқа амалы қалмаған Астананың әскери комиссариаты отанын қорғаудан безгендері көшеден іздеуге мәжбүр.

Екі комиссариат қызметкері мен полицейлер әскерден қашып жүрген жігіттердің үйін аралап жүр. Өйткені, барлығы бірнеше рет шақырту қағазын алса да, қорғаныс істер басқармасына мүлдем келмеген.

– Мұқарбек қайда?

– Үйде жоқ, жұмыстарымен шығып кетті.

Комиссариат қызметкерлері мен полиция болашақ сарбаздарды  осылай үйінен ұстай алмағасын базар маңын торуылдады. Бірақ саудагерлерді қууға емес, қару ұстағысы келмейтіндерді аңду үшін.

Құжаттарыңыз бар ма?

-Студент билеті бар.

-Қазір өзімде жоқ. 

-Онда сізге әскерге шақырту қағазын жазып береді. Шақырту қағазымен ертең келесіз.

Сөйтіп, бірнеше бозбалаға тура автобустың ішінде шақырту билетін жазып беріп, қолдарын қойғызып алды. Енді заң бойынша олар әскери басқармаға келуге міндетті. Әйтпесе, айыппұл арқалайды.

– 9-ға қарай келіп,  анализ тапсырасың.

– Жақсы ма? Комиссиядан өтесіңдер….

12 ай қару ұстап казармаға түнегісі келмейтін жігіттердің өтірігі көп. Бірі – мекенжайын жиі өзгертсе, екіншілері жүз ауруын санап беруге даяр. Майтабан, омыртқасының қисық бітуі, салмақ жетіспеушілік бұл сылтау ретінде жиі айтылатын диагноздар. Әскери комиссариат енді осындай тың әдістен  кейін бозбалалардың санасының өзгеретініне сенімді. Ал биыл елімізде күзгі науқан бойынша қарулы күштер сапына 15 мың жауынгер алынуы тиіс. Бірақ жыл сайын армиядан жалтаратындардың көптігінен бұл меже орындалмай қалуы әбден мүмкін.

Ғани Артықов, Астана қалалық қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары:

– Уақытылы келмеген азаматтар   қылмыстық кодекс  болмаса әкімшілік шара қолданылатынынан бейхабар. Кейбіреуі қолым тимей жатыр деп салғырт қарайды.

Ал отан алдындағы борышын өтеуден бас тартқандар бір жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Немесе бір миллион теңге айыппұл төлейді. Денсаулығы жараған жігіттерге шығынданбаудың жалғыз жолы – казармадан қашпау. Оның үстіне әскери билеті барларға кейін  жұмысқа орналасу  да оңайырақ болмақ.

ktk.kz

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету