Әскерилерді алдаған майор 7 жылға сотталды

08 қараша 2016, 14:23

arm700

Қарағанды гарнизоны әскери сотының судьясы Есен Жұмабеков 44841 әскери бөлімінің аға офицерін алаяқтық жасап, әскерилерді пара беруге итермелегені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот мәліметіне сүйенсек, майор шеніндегі әскери Қарағанды облысы Приозерск қаласында орналасқан 44841 әскери бөлімінің әскери радиотехника циклінің оқытушысы — аға офицер лауазымында қызметін атқарып жүрген. «Өзінің әскери қызметін атқару барысында әскери қызметкер бола тұрып, Приозерск қаласында құқыққа қайшы, қасақана меншікке қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты айтарлықтай мөлшерде және бірнеше рет ауыр қылмыстарды келесі жағдайларда жасаған. 2015 жылы күдіктелуші Приозерск гарнизонының басқа да әскери қызметкерлері барлығы 11 адам Балқаш аудандық пайдалану бөліміне келіп, өтемақы алу мақсатында өздерінің қажетті құжаттарын тапсырған», — деп хабарлады сот. Алайда, әскерилерге өтемақы ұзақ уақыт төленбеген соң, 2016 жылдың наурыз айында айыпталушы 4 әскери қызметкерді жинап алып, «өтемақы алу үшін менің министрлікте жоғары шенді адамдарыма 550 000 теңге жинап берсек, біздің өтемақыны бірден түсіреді» деп жалған уәде берген. Оның Қорғаныс министрлігінде ешқандай танысы жоқ болған, тиісінше, ол әскерилерден жинап алған ақшаны «көкесіне» беруді мүлде ойламаған. «Шамамен 2016 жылдың ақпанында күдікті сыйақы ретінде берілетін 550 000 теңге 450 000 теңгеге дейін азайды деп, наурыз айынан бастап 22 сәуірге дейін осы шарты туралы жоғарыдағы әскерилерге бірнеше рет айтқан. Ол өзінің қылмыстық жоспарын орындау және шарттарын қабылдаған әскери қызметшілердің ақша қаражаттарын иемденіп алу мақсатында, 22 сәуірінде бір әскеримен бірге Приозерск қаласының Достық көшесі бойында орналасқан «Халық банкі» АҚ-ның бөлімшесінің кассасына келіп, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен 450 мың теңгені әрі қарай министрліктегі лауазымды тұлғаларға тапсыратын тәрізді болып алдап, иемденіп алған», — деп хабарлады сот. Жалпы, 2016 жылдың 22 — 23 сәуір аралығында, айыпталушы аға офицер Приозерск қаласында заңсыз жолмен алдау арқылы әскери қызметшілердің әрқайсысынан 400 мыңнан астам қаражатты жинап, барлығы 1,3 млн теңге иемденген. «Судья айыпталушының екі немесе одан да көп адамға қатысты алаяқтық жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 58 бабының 3 бөліміне сай мүлкін тәркілей отырып, түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырды және Қарулы күштер мен жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды», — деп хабарлады сот.

ҚазАқпарат

 

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде