jasqazaq.kz

Әскери билет саудасы қызып тұр

30 қазан 2016, 17:24

snimok

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігі құрылымында жиілеп тұрған парақорлыққа қатысты өз алаңдаушылығын білдірді.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған агенттік жүргізген зерттеу Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардағы жемқорлық деңгейінің жоғары екенін анықтаған.

Негізінен, әскери билет пен әскерге алынбайтындығы туралы қорытынды қағаз үшін пара берушілер өте көп.

Биылғы жылдың 9 айы ішінде Қорғаныс министрлігі қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі 34 тергеу ісі тіркелген, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп көрсеткіш.

Ұлттық бюро келтірген деректерге сүйенсек, бұл тергеу жүргізіліп жатқан істің 60 пайызы Қорғаныс министрлігінің Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарындағы департаменттерінің басшылығына қатысты қозғалған.

Сол секілді әскери-техникалық мектептердегі де парақорлық мәселесі алаңдатарлықтай. Мұнда мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде жүйелі түрде заңбұзушылықтар орын алуда.

Осыған сәйкес агенттік министрлікке ескерту жасады.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету