jasqazaq.kz

Өскемен орталығындағы көпір құлады (видео)

24 қараша 2016, 11:48

 

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпір опырылды, оқиға кезінде көпірде 6 адам болған. Абырой болғанда ешқайсысы суға құламаған, ал біреуі аяғын шығарып алған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала орталығында орналасқан көпір қайта жөндеуде болған. Бұл уақытта оның ескі бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатқан. Демонтаж жұмыстары кезінде көпірдің бір бөлігі опырылып, екінші жағы көтеріліп кеткен. Оқиға орнындағы төрт жұмысшы төмен құлап, тағы екеуі жоғарыда қалып қойған.

«Куәгерлер бізге Ертіске бес адам құлады деп хабарлады, оқиға орнына құтқарушылар барды, бірақ бұл мәлімет расталмады, — деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр. — Адамдар құлады. Олар құтқарылды. Құлағандардың бірі аяғын жарақаттап алды, қалғандары аман».

Қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының өкілдері оқиғаның көпірдің апат жағдайындағы бір тіреуінің қирауынан болғанын айтады.

Өскемендегі бұл көпір 1970 жылы салынған, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Опырылған тұсында көлік қозғалысы болмады.

 

 

Tengrinews.kz.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік