2016 жылғы қыркүйекте РФ-ның «Калининградский тарный комбинат» ААҚ («Жоғары сұрыпты бұқтырылған сиыр еті» стерильденген кесек ет консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 13 ақпан), «Орелпродукт» ЖАҚ («Сиырдың бауырынан дайындалған паштет» ет-өсімдік консервілері. «Стерильденген паштет» консервілері, өндірілген күні 2015 жылғы 15 желтоқсан) және ҚР-ның «Рубиком» ЖШС («Астана» піскен шұжығы, өндірілген күні – 2016 жылғы 10 тамыз) өндірушілерінің тұтынушыларды алдағаны белгілі болды.
Сөрелерге сиыр еті деп шығарған өнімнің аталған түрлерінде шошқаның ДНҚ-сы анықталды.
Бұл ретте өнімнің қаптамасында құрамында шошқа етінің бар екендігі туралы мәлімет жоқ, өнім сиыр етінен жасалған болып мәлімделген.
Сәйкессіздікті анықтау фактісі бойынша жоғарыда көрсетілген Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының өндірушілеріне бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлама жіберілді.