Жаңалықтар легі мен телеарналарды көріп отырып, біз адамзатқа қауіп төндірген — терроризмнен туындаған қорқынышты дүниелерге куә боламыз. Сирия мен Иракта болып жатқан әскери қозғалыстардың Қазақстанға қатысы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Алайда келтірілген дәйектемелерге сүйенсек, кейбір отандастарымыз бұл соғысқа қатысқан болып шықты деп хабарлайды NUR.KZ.
Dixinews.kz сайтының сұраныс хатына жауап берген Ұлттық Қауіпсіздік комитеті 2015 пен 2017 жылдар аралығында Қазақстаннан 255 адам халықаралық лаңкестік ұйымға кетіп қалғанын мәлімдеді.
Бұл көрсеткіш кішкентай болып көрінсе де, ойлануға тұрарлық жайт екені сөзсіз.
Сирия мен Ирактағы халықаралық лаңкестік ұйымдар лагеріне:
— 2015 жылы — 186 адам, оның ішінде 83 әйел және 64 бала;
— 2016 жылы — 69, оның ішінде 26 әйел және 35 бала.
2017 жылы аталмыш лагерге Қазақстаннан ешкім кетпегені қуантады.
Атап өту керек, Сирия мен Ирактан елімізге оралғандар саны әлдеқайда аз.
— 2015 жылы — 6 әйел мен 13 бала;
— 2016 жылы — 2 әйел мен 4 бала;
— ағымдағы жылы — 15 әйел мен 26 бала.