jasqazaq.kz

Сириядағы соғысқа қатысқан БҚО тұрғыны 10 жылға сотталды

10 қараша 2017, 12:12

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының тұрғыны Жанат Арыстанов Сириядағы әскери қимылдарға қатысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Уральская Неделя.

Қылмыстық іс материалдарында аталып өткендей, 38 жастағы ауыл тұрғыны шетелдік фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Алайда ол көп ұзамай «салафизм» дәстүрлі емес діни ағымының ықпалына түскен.
2013 жылы Арыстанов әйелі мен екі баласын алып, Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетеді, кейін Түркияға қоныс аударған.

Арыстанов діндестері Сирияға кедергісіз өтуге көмектесетінін білген. Осылайша, оралдық жерлестерінің көмегімен Сириядағы әскери жаттығу лагеріне барып, әскери және психологиялық дайындықтан өткен.
Сотталушының міндетіне шекараны күзету кірген. Ол сондай-ақ әскери қимылдарға да қатысқан. Алайда біраз уақыттан кейін халықаралық террористік ұйым шариғат заңдарын бұзатынын түсініп, қашып кетуге әрекет жасайды. Алдымен бала-шағасын Түркиядағы қауіпсіз жерге жібереді. Соңынан жақтастарынан әйелі мен балаларына қашып барған. 2017 жылдың мамырында Арыстанов ұсталып, Қазақстан аумағына депортацияланды.
Бүгін Орал қаласының соты Жанат Арыстановтың ісі бойынша үкім шығарды.

– Арыстанов ҚР ҚК 164-бабы 1-бөлімі, ҚР ҚК 233-1 бабы 2 бөлімі, ҚР ҚК 233-4-бабы 1-бөлімі, ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылсын, – деп оқыды сот үкімін судья Найля Жүнісова. – Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.

sputniknews.kz

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы