jasqazaq.kz

Сирия мен Ирак аумағында қанша қазақстандық бала бар?

12 желтоқсан 2017, 11:48

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков шетелдегі қарулы қақтығыстар жүріп жатқан жерлерде қанша қазақстандық балалардың барын айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Парламент Сенатындағы отырыс барысында Нұрғали Білісбеков қазіргі кезде 63 баланың Қазақстанға қайтарылғаны және тағы 50 баланың әкелінетіні туралы мәлімдеді.

«Бірден айтайын, Сирия мен Ирак аумағында 390 бала, 16 жасқа дейінгі ұлдар саны — 2014 және 176 қыз. Бұл сан айтарлықтай үлкен, сондықтан алдымызда оларды қайтару бойынша үлкен ұмыстар тұр», — дейді ҰҚК өкілі.

Сонымен қатар, арнайы қызмет балалардың толық аты-жөнін білуге тырысып жатыр. «Бүгінде бұл сан шындыққа жанасады деп толық сеніммен айта алмаймыз. Олар белсенді әскери қимылдар жүріп жатқан аумақта. Ол балалардың бәрі тірі ме, жоқ па, анық айта алмаймыз», — деп атап өтті Білісбеков.

«Бомбалап жатқан аймақтарда Қазақстан азаматтары бар деген хабар алып отырмыз. Тексеруге тырысқанымызбен, бұл өте күрделі жұмыс. Онда консулдық қызмет те жоқ, жергілікті билік те жағдайды бақылауда ұстап отырған жоқ. Барынша жұмысымызды атқаруға тырысып жатырмыз», — дейді ол.

Сонымен қатар, ҰҚК төрағасының орынбасары қазір әскери қақтығыс орнынан қайтқан тұлғаларды, соның ішінде балаларды жүйелі түрде дерадикализациялау жұмысы жүріп жатқанын атап өтті.

«Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі жанындағы Лаңкестікке қарсы орталық бастамасымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған. Топ мүшелері лаңкестік белсенділік артқан аумақтардан келген балаларды реабилитациялау бойынша жұмыс жүргізуде», — деп аяқтады ол.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң