jasqazaq.kz

Сирия асқан келіншекке іздеу жарияланды

26 қазан 2016, 11:01

siriya

Ақтөбе қаласының тұрғыны М.Жаманқұлов соттан үш баласын тастап, Сирияға кеткен әйелі А.Аймағамбетованы із-түзсіз жоғалды деп тануды сұраған болатын. Іс материалдарына сүйенсек, құқық қорғау органдары А.Аймағамбетоваға қатысты терроризмді насихаттады деген айыппен қылмыстық іс қозғап, халықаралық іздеу жариялаған. №2 Ақтөбе қалалық соты осы дерекке сүйеніп, арызданушы М.Жаманқұловтың әйелін із-түзсіз жоғалды деп тану өтінішін қанағаттандырған.

«Арызданушы М.Жаманқұлов пен А.Аймағамбетова 2005 жылы заңды некеге тұрған. Олардың 12, 8, 4 жастағы үш баласы бар. Сотта арызданушы М.Жаманқұлов әйелі А.Аймағамбетованың 2013 жылы Алматыға барамын деп кетіп қалғанын, кейін Қырғызстан арқылы Сирияға шекара асқанын телефон арқылы хабарлағанын айтты. Кейін мүлде байланысқа шықпаған, мән-жайды түсіндірмеген. Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, сот сұрауы кезінде Аймағамбетованың үстінен осы жылдың наурыз айында қылмыстық іс қозғалғаны анықталды. Ол Қылмыстық кодекстің «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру», «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру», «Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу» баптарымен жауапқа тартылады. Соған орай халықаралық іздеу жарияланды», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Іс материалдарында Ақмарал Аймағамбетова Қазақстаннан Қырғызстан территориясына жаяу өткені жазылған. №2 Ақтөбе қалалық соты осы дерекке сүйене отырып, арызданушы Жаманқұловтың арызын қанағаттандырмады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге саламыз, қазан айының басында ақтөбелік азамат Жаманқұлов сотқа әйелін із-түзсіз тану туралы арыз берген болатын. Ол келіншегімен ажырасуды мақсат етіп отыр.«Азаматтық іс бойынша арызданушы Мирболат Жаманқұлов жергілікті, республикалық газетке, ақпараттық порталдарға келіншегі Ақмарал Аймағамбетованың із-түзсіз жоғалғанын айтып, хабар беруі қажет. Қандай да бір ақпарат білетін адамнан үш айда сотқа хабар беруі сұралады», – деген судья Гауһар Оралбай қылмыстық істің қозғалғаны анықталған соң арызданушының өтінішін қанағаттандырмады.

 bnews.kz

 

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)