jasqazaq.kz

Әсіредіншілдердің арбауына кімдер түседі?

14 қазан 2016, 19:00

d2cab0a73ad41e6438d3a05f762d309c

«Экстермизммен шаталып, діни ағымдардың арбауына түсіп, сотталғандардың 80 пайызы орыстілділер. Сондықтан тілдік ортасына байланысты діни уағыздарды орыс тілінде де айтуға тура келеді. Бұл жалпы тәжірибеде бар. Мысалы, мұсылман дүнген, шешен мешіттерінде уағыздар орыс тілінде айтылып келе жатыр» деді дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин.

«Дінаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзе асыру және БАҚ-та лаңкестік пен діни эсктремизмді ақпараттандыру ерекшеліктері» атты жиын барысында жоғарыдағыдай деректі мәлімет айтқан Ғалым Шойкин мешіттерде уағызды орыс тілінде айту мәселесіне тоқтала келіп: «Орыс тілінде уағыз айту «қазақ тілді ортада, қазақ тілді жамағат жиналған жерлерде болмайды» деп атап өтті.

Осылайша, ширек ғасыр бойы шешімін таппаған мемлекеттік тіл мәселесі күрделеніп, тереңдеп қоғамның алдынан өзекті әрі қауіпті мәселе болып шығып отыр. Қауіптісі – теріс діни ағымдардың уағыздары орыс тілінде айтылады, кітаптары, аудио/видеолары да ресми тілде тарайды. Қазіргі күні Қазақстан үшін теріс діни ағымдардан төніп отырған қауіптің жоғары екенін әрбір адам жақсы біледі.
Мұндай қауіптің бір ұшы қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәселесін түбегейлі әрі заң-құқықтық тұрғыдан бірыңғай етіп, нақты істермен шешпеген билікте жатыр. Билік әлі күнге тіл мәселесінен бойын аулақ салып, қашады. Мәселені шешудің орнына жалған әрі арзан ұран тастап, әртүрлі диаспора өкілдерінің арасында қазақ тілі байқауын өткізіп, мемлекеттік арналарда сондай арзан пиар жасаудан аса алмай келеді. Ал, тіл мәселесінен билік қашқан сайын ол үлкейік, күрделеніп, қауіп-қатер болып бізді өкшелеп қуып келеді. Бірақ, билік дін мәселесінің негізі тілде деп білмейді…

Күрделі болатыны – бір ел – бір тіл саясаты салтанат құрмаған соң, қоғам жыл сайын тілдік ортаға қарай бөлініп, бұл өз кезегінде қоғамның бөлшектенуіне және азаматтардың орыс тілінде тарайтын ақпараттың толыққанды тұтынушысы әрі соның қолдаушысына айналуына алып келді. Мұның ар жағы қоғамның жіктеліп, бөлінуіне апаратыны сөзсіз. Бұл жерде де билік еш әрекетсіз отыр. Тағы да сол арзан пиардан, халық сеніміне кірмейтін ұрандармен ғана шектеліп келеді.

Алдағы уақытта да тіл мәселесі өткірленіп, тереңдей беретіні даусыз, басы ашық нәрсе. Өйткені, қазақтың саны жыл сайын артып келе жатқандықтан Қазақстан үшін тіл мәселесі ең өткір әрі қауіпті мәселеге айналатыны әзірден-ақ сезіліп отыр…

kaz.365info.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда