jasqazaq.kz

СІМ Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарларды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады

24 маусым 2025, 10:01

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарларды қайта қарауды қатаң түрде ұсынады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қазіргі уақытта жағдай мен ықтимал тәуекелдерге жан-жақты баға берілуде, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізілуде.

Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елдерінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді, бұл халықаралық рейстердің тоқтатылуына және кейінге шегерілуіне алып келді.

Осыған байланысты СІМ Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
• сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
• адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандарға жақындаудан аулақ болу;
• қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
• брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
• төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.

1. Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
kazconsul.doha@gmail.com
doha@mfa.kz

2. Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
abudhabi@mfa.kz

3. Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
dubai@mfa.kz

4. ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00

Таяу Шығыс елдеріндегі ҚР Сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеуде, жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсетуді жалғастыруда.

Бүгін, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам