jasqazaq.kz

СІМ Ресей елшісін шақыруға қатысты пікір білдірді

06 қазан 2022, 14:21

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Алексей Бородавкинмен болған әңгіменің мән-жайын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Ресей елшісі Сыртқы істер министрлігіне байыпты әңгімеге шақырылды. Біз Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың тең құқылы стратегиялық серіктестік рухына сәйкес келмейтін мәлімдемесін талқыладық. Әңгімелесу күрделі болды», — деді СІМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украинаның Астанадағы елшісі Петр Врублевскийге қатысты жағдайға байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын.

Еске салайық, осыған дейін Ресейдің Қазақстандағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың даулы мәлімдемелерінен кейін ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылған болатын. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеген.

«Бүгін Ресей елшісі Қазақстан СІМ-не әңгімелесу үшін шақырылады. Талқыланатын басты тақырып — Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі. Сондай-ақ, күн тәртібінде Ресейдің Украина жағына қойылатын талаптары тұр. Бұл жалпы дипломатиялық тәжірибе. Мария Захарованың украин елшісін Қазақстаннан шығаруға қатысты мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық әріптестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынасына диссонанс тудырады», — деді Смадияров мәжіліс аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті