jasqazaq.kz

СІМ: Қырғызстан Қазақстан ұсынған 100 млн доллардан бас тартты

24 қазан 2017, 17:00

Қырғызстанға 100 миллион долларын бөлу туралы Қазақстанмен келісімнің күшін жою рәсімдері басталғанына қатысты ҚР СІМ түсіндірме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 қазанда Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің және оның тиісті хаттамаларының күштерін жою рәсімдерін бастағаны жөнінде Қазақстан тарапына ресми хабарлады», — делінген СІМ таратқан хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу шеңберінде Қазақстан тарапы Қырғыз үкіметіне өздері алған міндеттемелерді орындауға қажетті техникалық жәрдемді көрсетуге үнемі дайын болған. Қол қойылған құжаттар уақтылы ратификациядан өтіп, бұл жәрдемнің бірінші траншын ағымдағы жылғы қараша айында жіберу жоспарланған. «Аталған қаражатты бұдан ерте мерзімде бөлуге болар еді, алайда қырғыз тарапының қажетті құжаттар мен тиісті сметаларды ұсыну үдерісі созылып кеткенін атап өткен жөн», — деді баспасөз қызметі.

 

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс