12-13 қазанда Астанаға Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитіне 11 президент келеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, АӨСШК-ге 11 президент келеді.
«АӨСШК-ге 11 президент келеді. Бұл — Әзербайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Вице-президент деңгейінде Вьетнам, Қытайдан – Қытай Халық Республикасы вице-президенті», — деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко АӨСШК бақылаушысы ретінде қатысады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, ТМД саммитіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады.