jasqazaq.kz

СІМ: Арменияға қазақстандық бітімгерлерді жіберу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

14 қыркүйек 2022, 11:27

Премьер-министрдің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға қазақстандық бітімгерлерді жіберу мәселесі қарастырылмайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Бұл мәселе сұрақ қоюға тұрарлықтай емес. Кеше ҰҚШҰ-ның Төтенше ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларын Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы хабардар етті. Бірақ екі тарап әртүрлі ақпарат таратқандықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның Бас хатшысын оқиға орнына барып, жағдаймен толық танысып, содан кейін хабардар ету керек деп шешті», — деді Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, Әзербайжан мен Армения шекарасындағы қақтығыс туралы бірнәрсе айту қиын.

«Енді бірінші міндет — армян-әзербайжан шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның жұмысын қалпына келтіру. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Өйткені біз шекарамызды құрлықтың, тіпті теңіздің барлық периметрі бойынша демаркациялағанбыз. Шекараны демаркациялау Ресейден басқа барлық мемлекеттермен дерлік аяқталды. Демаркациялау бізге тағы екі-үш жылға созылуы мүмкін», — деді Сыртқы істер министрі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысына бітімгершілік күштерді жіберу мәселесі талқыланып жатыр ма деген сұрақ қойылды.

«Жоқ, әзірге ондай мәселе көтеріліп жатқан жоқ», — деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады