jasqazaq.kz

Си Цзиньпин: Қытайдың ашықтық пен ынтымақтастық есігі Қазақстанға әрдайым ашық

13 қыркүйек 2022, 13:18

Қазақстан «Жаңа Қазақстан» стратегиясын алға жылжытып, дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатына жақындай түседі. Бұл пікірді Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин «Казахстанская правда» газетіндегі мақаласында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚХР Төрағасы атап өткендей, екі ел үшін тату көршілік пен достық бағытын ұстану маңызды.

«Саяси өзара сенімнің жоғары деңгейі екіжақты қатынастардың тұрақты және серпінді дамуының кепілі болып саналады. Осыған байланысты біз қазақстандық достарымызбен стратегиялық тұрғыдан және ұзақ мерзімді перспективалар тұрғысынан жоғары деңгейлерде тығыз байланыстарды қолдауға, үкіметтер, заң шығарушы органдар, партиялар мен өңірлер желісі бойынша ынтымақтастықты жандандыруға, үкімет басшыларының тұрақты кездесулері, үкіметаралық кездесулер сияқты тетіктер әлеуетін ашуға сүйеніп, екіжақты қатынастарды жүйелі түрде жоспарлауға дайынбыз. Алдағы уақытта да Қытай мен Қазақстан қатынастарының саяси іргетасын нығайту үшін елдеріміздің түпкі мүдделері мен негізгі алаңдаушылықтар мәселелерінде бір-бірімізге табанды қолдау көрсететін боламыз», — деп жазды Си Цзиньпин.

Сондай-ақ Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытайдың ортақ қауіпсіздігін қорғауды маңызды деп санайды.

«Күрделі халықаралық және өңірлік ахуал кезінде ынтымақтастықты қамтамасыз ету мен тереңдету дағдарысты еңсеру мен қауіпсіздік проблемаларын шешу құралы болды және болып қала береді. Қытай Қазақстанмен құқық қорғау органдары, арнайы қызметтер және қорғаныс ведомстволары желісі бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге, жаһандық қауіпсіздік жөніндегі бастаманы басшылыққа ала отырып, кешенді, бірлескен және тұрақты қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыруға, Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзара іс-қимыл жасау бастамасын іске асыруға, заңсыз есірткі айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және сыртқы байланыс әрекеттеріне батыл қарсы тұруға, аймақтағы ұзақ мерзімді тұрақтылық пен бейбітшілікті бірге сақтауға дайын», — деп атап өтті ҚХР Төрағасы.

Сонымен бірге Си Цзиньпин халықаралық аренада ынтымақтастықты жан-жақты нығайту қажеттігін атап өтті.

«Біздің елдеріміз БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, «Қытай – Орталық Азия» сияқты көпжақты форматтар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасауға, халықаралық басқару, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, өндіріс пен жеткізу тізбектерін тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел пікір алмасуға, біржақты іс-қимылдарға қарсы болып, екіжақты уағдаластыққа дайын болуға, әлемдік тәртіпті және халықаралық жүйені барынша әділ және ұтымды бағытта дамытуға ықпал етуге тиіс.

Тату көршіміздің «Жаңа Қазақстан» құру стратегиясын ілгерілете отырып, дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына қадам басып келе жатқанын қуанышпен атап өтеміз. Қытай қазақстандық тараппен жетістіктер мен даму тәжірибесін бөлісуді жалғастыруға дайын. Қытайдың ашықтығы мен ынтымақтастығының есігі Қазақстан үшін әрдайым ашық болады. «Достық – таусылмас қазына» деген қазақ мақалы бар. Егер біз тату көршілік пен достық қағидаттарын ұстануды, көпжоспарлы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуді жалғастырсақ, Қытай мен Қазақстанды өзара қарым-қатынастардың кезекті 30 жылдығы күтеді» , — деп түйіндеді ҚХР Төрағасы.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті