Шымкенттің «жасыл экономикасы» жүйелі түрде дамып келеді

19 шiлде 2023, 13:10

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде аталған проблеманы шешу мақсатында «жасыл экономика» жобасы кеңінен қолданылып келеді. Аталған жоба экологияны басымдыққа ала отырып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Яғни қуат көзінің шамадан тыс қолданылуының алдын алып, табиғи ресурстар тиісті деңгейде пайдаланылады. Өз кезегінде аталған жобаның экологиялық ахуалды жақсартуға тигізер пайдасы орасан зор. Бұл бағыттағы жұмыстар біздің елімізде де қолға алынған.

Бүгіне еліміздің жасыл экономикаға қадам басуы кезең-кезеңімен іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2013-2020 жылдарға арналған бірінші кезеңде инфрақұрылым құру, 2020-2030 жылдарға бекітілген екінші кезеңде жаңартылған қуат технологиясын пайдалану шарасы қарастырылған. Сол сияқты 2030-2050 жылдарға бағытталған кезеңде өнеркәсіп төңкерісіне біртіндеп көшуді жүзеге асыру көзделген.

Өзге өңірлер секілді Шымкент қаласында да жасыл экономикаға көшу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Су ресурстары-Маркетинг» кәсіпорнымен Ақбай-Қарасу су жинақтаушы имаратында геотермальды сорғы жабдықтары орнатылды. Аталмыш жобаның құны шамамен 230,0 миллион АҚШ долларын құрайды. Нәтижесінде кәсіпорынның аталған нысанда электр қуатын пайдалану шығыны бес есеге төмендеді. Яғни 1 жылда 317 миллион теңге қаражат үнемделді. Сонымен қатар, аталған су жинақтаушы имаратында сағатына 200 кВт электр қуатын өндіретін күн электр батареялары орнатылып, имарат жұмысына өндірілген электр қуаты пайдалануда.

Одан бөлек, кәріз тазалау имаратында сағатына 2 мың киловатт электр қуатын өндіретін кіші су электр стансасы орнатылды. Жобаның құны 2 миллион АҚШ доллары, ал өтелімділігі 5 жыл. Сондай-ақ, 2017 жылғы қараша айында аталған имаратта газ және электр энергиясын өндіру мақсатында сағатына 400 киловатт электр қуатын өндіретін Биогаз қондырғысы іске қосылды. Нәтижесінде электр қуатының тұтыну көлемі 88 пайызға төмендеп, шайынды суларды тазалау қуаты тәулігіне 100 мың м3 — 150 мың м3 дейін өсті. Сонымен қоса, бір жылда 67,3 миллион теңге қаражат үнемделді.

Бұдан бөлек, 2019-2020 жылдары Айкөл тұрғын алабында «Авелар солар технолоджи» ЖШҚ Ресей мемлекеті өндірушісі өз қаражаты есебінен 50 га жер аумағына қуаттылығы 20 МВт/сағ құрайтын күн сәулесі электр станциясы салынды. Құны 6,2 миллиард теңгені құрайтын жоба 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Нәтижесінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінгі таңда күн электр станциясымен өндірілген электр қуаты «КЕГОК» АҚ-ның қаржылық есеп айырысу орталығы (РФЦ) арқылы аталған мекеменің қосалқы станциясы арқылы қалаға берілуде.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды