Шымкенттің жасыл аймағы ұлғаяды

13 шiлде 2023, 15:06

Шымкентте игерусіз жатқан жер телімдерінің қайтарылуы жасыл желек қорын молайта түсті. Қазір қайтарылған аумаққа жеміс-жидек ағаштарын отырғызу көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының есебінше, бұл іс экологияны жақсартудан өзге, оңтүстік өңірде азық-түлік өнімін ұлғайтуға да септігін тигізеді. Сөйтіп, мегаполистің жасыл белдеуі тағы 900 гектарға артпақ. Ал суару мәселесін инвесторлармен бірлесе шешу жоспарланып отыр. Жоба бойынша кәсіпкерлер құдық қазып, су шығаруы қажет. Бұл ретте әкімдік су көзін іздеп табуға субсидия бөлуді сұрап, тиісті министрлікке ұсыныс жасады. Қазіргі күні инвестициялық субсидия аясында мемлекет отырғызылған бақ шығынының 25%-ін өтейді. Осыған орай қаладағы ағаштарды электронды түрде санау жүйесін енгізу басталып, 2025 жылға дейін жасыл белдеу көлемін 21 544 гектарға жеткізу жоспары бар. Жалпы саны 6,5 миллион ағаш пен бұта егіледі.

Бүгінгі таңға дейін қаладағы көгалдандыру, абаттандыру және суару мәселесімен ауыл шаруашылығы басқармасы, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық органдары сияқты түрлі мекемелер айналысып келген. Енді бұл мәселелер бір ортадан шешіледі.

— Қазір құдық қазып беруге дайын бірнеше инвесторлар бар. Олар алдағы уақытта өздері еккісі келеді. Тағы 3 инвестор өз жобаларын іске асырып жатыр. Мұндағы біздің мақсатымыз – импортты алмастыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — дейді қалалық Ветеринария және ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді тапсырғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынбақ. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. Бұған қоса 8 негізгі саябақ пен 39 гүлзарды қайта құру қолға алынып, Қошқар ата өзенінің бойынша абаттандыру ісі атқарылады.

Талды егу – бір бөлек те, оны күтіп-ұстау – өз алдына бір бөлек жұмыс. Сондықтан, биылдан бастап қаланың гидрологиялық жүйесіне баса назар аударылмақ. Жазда қаладағы тал-дарақ арнайы көліктермен суарылады. Жауапты мамандар бұл уақыт жағынан да, қаржы жағынан да тиімсіз дейді. Кезінде осы суарудың қиындығынан «Шатқал» жобасы жүзеге аспай қалды. «Мирас» шағынауданы маңында орналасқан, аумағы 11 гектар «Шымсая» учаскесі Түркістан облысының «Жасыл аймақ» мекемесінен Шымкент қаласының «Жасыл белдеу» мекемесінің қарауына берілді. Онда 4 суару ұңғымасы мен бір трансформатор бар. Түрлі тұқымдағы 2000 тал өсіп тұр. Енді мұндағы аймақ абаттандырылады.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды