Шымкенттің экологиялық жағдайы қатаң бақылауда

10 шiлде 2023, 10:58

Елдің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан отандастарымыздың бүгінгі басты міндеті – қоршаған ортаны, айналамызды келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы қалпында аманат етіп қалдыру. Бұл бағытта бірқатар қадамдардың жасалып жатқаны белгілі. Алайда нақты нәтижеге тек қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы ғана қол жеткізетініміз ақиқат.

Мемлекет басшысы Жолдауында экологиялық мәселелерге тоқталып, түйткілдерді шешуді тапсырды. Парламент жаңа Экологиялық кодексті қабылдауы керектігін айтып, соның негізінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыруға кірісуі тиіс екенін алға тартты. Кодексте жастарды табиғатқа жанашырлығын арттыру, көгалдандыру, жануарлар әлемі, суару жүйелерін қалпына келтіру мәселелері қамтылуы тиіс.

Шымкент қаласында Президент тапсырмасын іске асыру барысында экологиялық мәселе кенжелеген емес. Шымкентте әлеуметтік желі арқылы тұрғындардан ауаның ластануы туралы арыз-шағымның түсуіне байланысты, түнгі мезгілде кезекшілік топ құрылыпты. Бұл туралы Ақпарттық-коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қаласының Экология депаратментінің басшысы Ермахан Тастанбекұлы мәлімдеді.

–Көктем мен жаз мезгілінде әсіресе түнгі уақытта ауаның ластануы мерзімді түрде жағымсыз иістің пайда болуы сезіліп, департаментке әлеуметтік желілер арқылы шағымдар келіп жатыр. Сондықтан ластау көзін анықтау үшін 2023 жылдың мамыр айында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жұмысшы топ құрылып, түнгі кезекшілік жұмыстары ұйымдастырыла бастады, — деді спикер.

Аталған топ кезектен 2023 жылдың 22 мамырынан бастап 30 қыркүйек аралығында түнгі сағат 23:00-ден 03:00-ге дейін қала аумағындағы Индустриалды аймақтарда кезекшілік жұмысын атқарады. Сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасымен Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуде. Шымкент қаласының экология департаменті тарапынан қаладағы экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған ұсыныстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына жолданды.

ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының Тұран, Абай, Еңбекші, Қаратау және Әл-Фараби аудан прокуратураларының Қаулысымен жолаушылар тасымалын және техникалық тексеруді жүзеге асыратын 17 автопаркке тексеру тағайындалып, Шымкент қаласының экология департаментінің мамандары тексеріске қатысып жатқаны айтылды.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды