Шымкенттің агроқұрылым әлеуеті зор

22 шiлде 2023, 12:19

Шымкент қаласында агроөнеркәсіпті кешенді өркендету саласында мегаполистің жинақтаған біраз тәжірибесі бар деп ауыз толтырып айтуға болады. Бұл ретте агросаладағы 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шараларын Шымқала өзге өңірлермен бірдей дәрежеде атқарып келеді. Ал осы ұлттық жоба төңірегінде нақты қандай жоспарлар мен істелінген жұмыстар жөнінде Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров баяндап берді.

Сонымен, басқарма басшы­сының айтуынша ұлттық жобаға сәйкес 5 негізгі және 6 қосымша индикатор белгіленген. Оның ішінде, жоғарыда атап өтілгендей, ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, осы салада еңбек ететін шаруалардың еңбек өнімділігін жоғарылату, сондай-ақ өнім экспортын, әсіресе қайта өңделген тауарлар саудасын күшейту, орташа тірі салмақтағы мал экспортын ұлғайту, алма, тауық еті өндірісін қолға алу сынды көрсеткіштер бар.

Қала аумағында бес мыңға жуық шаруа қожалығы өнім өндіреді. Шаһардың 6,6 мың тұрғыны агросектор саласында тер төгіп жүр. Оның басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Елуге жуық қайта өңдеуші кәсіпорын былтыр 40 тонна шұжық, 316 мың литр жеміс-көкөніс шырынын, 56 мың тонна өсімдік майын, 1,7 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірген. 2022 жылы жалпы Шымқалада 46 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері және 143 млрд теңгенің азық-түлік өнімдері шығарылыпты. Сонымен қатар қала аумағында орналасқан 209 гектар жылыжайда қияр, қызанақ, бас­қа да көкөніс түрлері өндіріліп, маусымаралық кезеңде шаһардың сауда нүктелерінен бөлек, еліміздің өзге өңірлеріне де жөнелтіліп тұрады.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – мегаполисте азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Одан бөлек тауар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және оның алдын алу шараларын жүргізу. Статистика бойынша жылына қала тұрғындары 500 мың тоннаға жуық азық-түлік тұтынады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түріне ұн, нан өнімдері, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, тағы басқалар кіреді. Соның ішінде мегаполис бүгінде ұн, макарон, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасымен жүз пайыз өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр. Ал сүт өнімдерінің, тауық және сиыр етінің, көкөністің жартысына жуығын шымкенттік кәсіпкерлер өн­діреді. Күріш, қант, тұз, қарақұмық жармалары болса өзге өңірлерден, соның ішінде Түркістан және солтүстік өңірлерден тасымалданады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды