jasqazaq.kz

Шымкенттіктер ұлт ұстазына құрмет көрсетті

05 қыркүйек 2022, 15:33

Бүгін 5 қыркүйек —Қазақстан халқы тілдері күні мен қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Шымкентте айтулы күнге орай «TILTIME» кітап көрмесі аясында «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті.

Іс-шараның өзіндік ерекшелігі барлық мәдениет саласының қызметкері жұмылдырылып, Арбат демалыс аумағында тілге құрмет көрсетіп, ұлт ұстазын мадақтады.

Алдымен қонақтар қаладағы 5 кітапхана жасақтаған түрлі композициядағы кітаптар мен экспонаттарды тамашалады. Осы көрмеге келген ҚР еңбек сіңірген әртісі, қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының сөзінше, интернет желілері қаншалық шарықтап дамымасын, кітап оқығанның жөні бөлек.

–Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Адам іздеген білімі мен игілікті бастамаларды, аңсаған арманын, бәрін-бәрін кітаптан табады. Көрмеде ұсынылған көркем әдебиет, балалар әдбиеті және тарихи кітаптар адамды білім мен ізгілікке жетелейтін жарық шамдар. Шарықтаған интернет желілері бір сәттік білімді үйретер, ал кітап адам жанына өмірлік азықты сыйлайды. Бүгінгі Қазақстан халқы тілдері күні, әрі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арнап ұйымдастырылған кітап көрмесі үйлесімін тапқан игі іс болды. Елімізде Алаш арысы секілді ұлт пен ана тілдің мүддесіне қызмет ететін тұлғалар көбейсін деп тілеймін, — дейді Майра Мұхамедқызы.

Көрме мерекелік жиынмен жалғасын тауып, бірқатар азаматтарға тіл саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігі жанындағы Тіл саясаты комитетінің «Құрмет Грамотасы» табысталды. Марапталғандар арасында ҚР әртісі Майра Мұхамедқызы, қалалық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби, орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова және мектеп мұғалімдері мен кітапхана қызметшілері бар.

Салтанатты кеш қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры, қалалық өзбек драма театры мен Шымкент мәдениет үйі өнерпаздарының мерекелік бағдарламасына ұласты.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті