Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында инвестор есебінен берілетін медициналық мекеме саны артып келеді. Жалпы, басқарманың деректер базасында 129 медициналық субъекті болса, оның 97-сі инвестициялық жоба. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын жүзеге асыруды кеңесу жиынында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова осылай деді.
Жуырда ел Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында медициналық инфрақұрылымды жақсартуға баса назар аудару қажеттігін және медицина саласына инвестиция салуға қолайлы орта екенін өтті. Бүгін мымкенттік медицина мекемелерінің басшылары бас қосқан жиында осы бағытта атқарылатын жұмыстарды кеңесті.
–Мемлекет басшысы өз Жолдауының үшінші бағытында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға аса мән беріп, медициналық сақтандыру жүйесін қайта қарауды тапсырды. Қала тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруда сақтандыру жүйесінің орны айрықша. Биылдың өзінде қаладағы 129 медициналық мекеме медициналық сақтандыру қорымен келісім шарт түзді. Соның ішінде 97-сі, яғни 75 пайызы жекеменшік емхана. Осындай медицина саласына салынған инвестицияның арқасында мемлекеттік емханалардың жүктемесі азайып, дәрігермен қамту көрсеткіші ұлғайды. МӘМС арқылы құны қымбат болған емдік шаралар халыққа қолжетімді болды. Шымкентте жыл басынан бері 4 ірі жекеменшік медициналық ұйым пайдалануға беріліп, 50 мың халыққа қызмет көрсетуде. Одан бөлек, 5 медициналық ұйымға халықты тіркеу бойынша өңірлік перспективалық жоспар жасалды. Денсаулық сақтау саласы нормативінде бір жалпы практикалық дәрігер 1700 адамға қызмет көрсету қажет болса, біздің қалада 1600 тұрғынға көмек көрсетеді, -деді Айгүл Жақыпқызы
А.Бекбауованың сөзінше, жыл соңына дейін инвестициялық жоба негізінде қаладағы онкологиялық орталығында 4 ПЭТ кабинеті ашылады. Нәтижесінда осы бөлімшелердегі құрылғының көмегімен диагноз ерте анықталып, жедел ота жасауға мүмкіндік туады.
–Биыл медициналық ұйымдармен 393 медициналық қызмет үшін 96,2 млрд.теңге көлемінде келдісім-шарт жасалды. Оның ішінде тегін кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде – 54,4 млрд. теңге, МӘМС жүйесінде – 41,7 млрд. теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 8 пайызға өскен, — деді басқарма басшысының орынбасары.
Тоқтар Жақаш
Фото: Серік Қосаев