jasqazaq.kz

Шымкентті тағы су басты

13 қазан 2016, 22:14

shymkent

Шымкентті тағы да су басты. Толассыз жауған жауынның салдарынан қала судың ортасында қалды. Коммуналдық мекеме қызметкерлері суды сорып үлгермей жатыр.

Толассыз жауыннан көшелерін су басқан Шымкент екінші Венецияға айналды ма деп 31-ші арна мәселе көтергенде, билік басындағылар қауіпті жердің барлығы ретке келтірілді, судан қауіп жоқ деген болатын. Алайда күздің алғашқы жауынынан-ақ Шымкентті тағы су басып жатыр. Суға бөккен тағы сол көшелер. Әсіресе, сайда орналасқан үйлердегі тұрғындарға қиын. Мәселен, Әбдімәлік Бекбаев бүгін таңнан үйін су басып қалмасын деп, бөгет жасаумен әлек.

ӘБДІМӘЛІК БЕКБАЕВ, Тұрғын:

— Жылда осы. Мына жердің барлығын су басады. Төңіректің барлығын су алады. Мына көршінікін су алады, шлакоблоктан өтіп, бізге келеді. Осылай қарай кетіп, ана үй толады. Суға бітеді ана екі этаж үй.

Тіпті тұрғындар әр жауған жаңбырға апат ретінде қарайтын болдық дейді. Ал коммуналдық мекеме қызметкерлері де көктем мен күз болса болса, суға толатын қаланың мына аймақтарын жатқа біліп алған.

Ал су сорумен айналысатын мекеменің бірі бар кінәрат су ағар арналар бітеліп, көп мөлшердегі судың көше бойына шығуында дейді. Әсіресе, бүгінгі жауынның суы тым көп, бір нүктедегі көлшікке сегіз көліктің шамасы жетпейтінін өздері де мойындады.

su

НӘДІР ӘЛІҚҰЛОВ, Су соратын мекеменің бөлім басшысы:

— Су негізі жаңбырдан. Арғы жағында кететін суағар жоқ. Жылдағы, әр жаңбыр сайын болатын оқиға бұл. Әр жаңбырдан соң, біз жеті-сегіз машина келіп сорамыз. Қазіргі жағдайда 5-6 машинаның шамасы жетпей жатыр.

Коммуналдық мекемедегілер жылдағы көрініс қайталанбас үшін алдымен көшені бір саты биіктету керек дейді. Ол жөнінде әкімдікке сан мәрте хат та жазыпты. Жылда көктем-жаз сайын тұрақты көтеріліп отырған тұрғындар жанайқайы әзірге қала басшылығына жетпей жатқан сыңайлы.

31.kz

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік