Шымкентті көгалдандыру мен гүлдендіру ісі күн тәртібінде

31 шiлде 2023, 9:44

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді», деп айтқан болатын. Шымкент – жасыл желегі жайқалған қалаға айналады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында 5 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Шымкенттің о бастан жасыл қала болғанын еске алған қала басшысы шаһар қонақтарын бірден жылылыққа бөлейтін ауа райымен ерекше – Шымкент қаласын бақ қалаға айналдыру қажет екенін атап өтті.

–Біздің есебіміз бойынша қалада 6 миллионға жуық жасыл желек бар. Былтыр 2021-2025 жылдар аралығында «Жасыл белдеу» қалыптастырудың жоспарын бекіттік. Жоспар бойынша 6,5 млн түп ағаш егеміз. Биыл күзде бастаймыз. Қаладағы ағаш қоры екі есеге артады, – Мұрат Әйтенов.

Сонымен қатар, қалада жалпы аумағы 244 гектарды құрайтын 9 саябақ пен 37 гектарлық 39 гүлзар мен аллея бар. Қалада 40 гектарға жуық жерге «Шымситиден» саябақ салу, сонымен бірге төрт гүлзар салу көзделуде. Бұдан бөлек, қалаға ауаның ластануын қадағалайтын 26 датчик орнатылады. Сол датчиктердің ақпараты қаладағы ЛЭД-экрандар мен телеарналардан және әлеуметтік желілер арқылы беріліп отырады.

Шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту үшін өткен жылы ұйымдастырылған «Birge-Taza Qazaqstan» республикалық акциясы ағаш көшеттерін отырғызу және қала аумағын қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Ал, биылғы жылы жалпы көлемі 200 мың түп ағаш көшеттері егіледі деп жоспарланып отыр. Оның 110 мыңға жуығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында, қалған 90 мың түп ағаш демеушілік және жаппай сенбіліктер барысында егіледі. Ал, отырғызылатын ағаш түрлері мен нақты санын айқындау мақсатында жаңа технологиялар мен білікті мамандардан құралған топ құрылды. Сонымен қоса, қала аумағындағы барлық жасыл екпелерге түгендеу, паспортизациялау бағдарламасы әзірленуде. Бағдарлама жоспарына сәйкес, әр талдың түрі, биіктігі, жас мөлшері, қазіргі жағдайы және орналасқан орны бойынша мәлімет енгізілетін болады. Нәтижесінде құрылысы жүргізілетін инфрақұрылым объектілері мен күрделі құрылыс нысандарын жүргізу барысында ағаштардың бей-берекет кесілуіне жол берілмейді.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады