Шымкентте жыл басынан бері 700-ден астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

19 шiлде 2023, 13:06

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қандастар мәселесін қозғап, ішкі миграцияға қатысты саясаттың түбегейлі өзгергенін сөз етті. «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Осы орайда демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады» деген болатын.

Осы орайда Шымкент қаласына жыл басынан 506 отбасы тарихи отанына оралып, 714 этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Биылғы жылдың 6 айға кандас мәртебесін ұзартқандар саны 34 отбасынан 46 адамды құраған. Қандас мәртебесін алған азаматтардың 384-і ер адам және 330 әйел адам. Олардың 199 –ы 18 жасқа дейінгі жастар болса, 49 зейнеткер және қалған 466-ы еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 74 адам жоғары білімді, 218 орта арнайы білімді, 156 азамат жалпы орта білімді.

Қандастардың дені — Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 701 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 3 адам, Ресейден – 7 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда –саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда.

Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» жұмыс істейді. Орталықта бүгінде 13 отбасынан 29 адамға бейімдеу қызметтері көрсетілуде. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына орталықта қандастарға тұрмыстық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық тұрғыда көмектер ұсынылып, кәсіби даярлау бойынша мамандықтарға оқыту, жұмысқа орналастыру қызметтері көрсетіледі.

Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 69 қандас жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 39 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды