jasqazaq.kz

Шымкентте жол үстіндегі жанжал жаппай төбелеске ұласты (Видео)

12 ақпан, 14:13

Шымкентте жолдың жүріс бөлігіндегі ауызша жанжал жаппай төбелеске ұласты. Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі қоғамдық тәртіпті бұзу жайты бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, бүгінде үш күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлер ұстау сәтінде түсірілген бейнежазбаны да қоса жүктеді.

«Қазіргі таңда тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Әрбір қатысушының әрекетіне принципиалды құқықтық баға берілетін болады»,- деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Мұнымен қоса, құқық қорғау органы келесідей үндеу де жасады.

«Жол үстінде күш қолдану арқылы мәселені шешу – қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай агрессия көріністері жедел тоқтатылатын болады. Әрбір кінәлі тұлға заңда көзделген жауапкершілікке тартылады»,- деп ескертті.

 

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)