Шымкентте жерді заңсыз иеленетіндерге қарсы күрес шаралары күшейтілді

23 шiлде 2023, 11:57

Шымкентте жерді өз бетінше иеленетіндерге бақылау күшейтілді. Қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының үйлестіруімен мемлекет меншігіндегі жерлерге салынған тұруға жарамсыз заңсыз үйлер жаппай сүрілуде. «Жерді өз бетінше иеленуге жол жоқ» жобасы аясындағы тексеру нәтижелерінде 18 үй, 2 үйдің ергатасы бұзылды. Рұқсатсыз тұрғызылған ғимарат иелеріне 3 күн ішінде нысандарды бұзып алып кету бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Абай ауданы Ынтымақ шағын ауданындағы 24 гектар және Достық шағынауданындағы 293 гектар бос жерлерге мемлекеттік актісі алынып, аталған басқарма меншігіне тіркелді.

Өз бетінше салынған құрылыс – бұл мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, тиісті заңнамаларға қайшы, рұқсатсыз салынған тұрғын үйлер, ғимараттар немесе жылжымайтын мүліктер болып табылады.

Заңсыз құрылыс – бұл өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық немесе тұрмыстық объектілерге тиесілі жерге құрылыс жүргізу болып табылады. Сүрілген объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында бұзу – бөлшектеу немесе қирату жолымен құрылыстарды немесе құрылыс элементтерін толық немесе ішінара жою қарастырылған. Жерді өз бетінше иелену фактілеріне қатысты заң шеңберінде шаралар қолданылады.

Жалпы, 2023 жылдың 6 айында құрылыс нысандарын мониторинг нәтижесінде заң талаптарын өрескел бұзып, өз бетінше салынған 300 нысан жөнінде қаланың орта сапасы және бақылау басқармасына хат жолданған. Осы хат негізінде 177 нысанға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 802 бабына сәйкес 88 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған екен.

Жуырда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында биыл қалада геопортал жүйесі іске қосылды. Ашықтықты қамтамасыз ететін бұл жүйе арқылы жер қатынастары, қала құрылысы саласында 16 мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі. Картада қала бойынша жер сауда-саттығы, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандары, қаланың бас жоспары, егжей-тегжейлі жоспары, қызыл сызықтар, шекаралар, құқық бұзушылық картасы, бос жер учаскелері бойынша өзекті ақпараттар орналастырылған.

2021-2025 жыл аралығында қалада 5 млн 318 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жоспар бойынша 1 млн 73 мың шаршы метр үй көзделсе, 6 айдың ішінде 389 791 шаршы метр үйдың құрылысы аяқталыпты.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды